Қайдауылұлы Саурық

Қайдауылұлы Саурық (1670-1740)—батыр, қолбасшы, мәмлегер. ұлы жүз жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1723-40 жылдары аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстарына бастан-аяқ қатысып, Аңырақай шайқасында ұлы жүз қолына тікелей қолбасшылық жасады. Ел аузында Саурықтың ерліктері туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Саурық Ескелді би, Балпық билермен Жетісу жерін қалмақтардан босатуда көп істі бірігіп атқарған. Мұны алуан түрлі аңыз-әңгімелер дәлелдейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *