
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1692-1770)—Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан батыр. Азан шақырып қойған есімі—Ерасыл. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. Бірнеше шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналған. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанды. оның өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, үмбетей, Дулат, Тәтіқара т.б. ақын-жыраулардың шығармаларына арқау болған.