Көкжал Барақ

Көкжал Барақ (Барақ Шүрекұлы) (шамамен ХVІІ ғасырдың соңы – ХVІІІ ғасырдың ортасы)—батыр. Найман руының ергенекті—көкжарлы аталығынан. «Көкжал Барақ» деген атпен үш жүзге мәшһүр болған тұлға. Қабанбай қолының бір қанатын—көкжарлы—сарыжомарт руларынан құралған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің оң жағалауын Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты қалмақтардан тазартуға қатысқан. Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *