Дербісәліұлы Балпық

Дербісәліұлы Балпық (1705-1780)—Жалайыр руынан шыққан би, батыр. Әкесі мол дәулетімен атағы шыққан бай, анасының есімі—Ақбалық. Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпықтың аты Ескелді бимен қатар айтылған, екеуін халық «егіз би» деп атаған. Балпық жоңғар шапқыншылығы кезінде өзінің аға достары Ескелді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы жалайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының біраз бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қырылып кетуден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі асып, Сыр бойында тұрақтаған соң бірқатар жорықтарды басынан кешір ді. Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі Текелі қаласы маңындағы соғыстарға қатысқан. Әділ сұлтан ара ағайындығымен жалайыр мен жаныс руларын табыстырған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-балалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.уәлиханов жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы т.б. ақындар жыр еткен. Зираты үштөбе қаласының түбінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *