Есім хан

Есім хан—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының астанасы Түркістанда тұрып билік (1558-1645) жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қосқан. 1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отырады. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады. осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, заң-ережелерін шығара бастады. Бұрыннан келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы» атты ережелерді басшылыққа ала отырып, заңды одан әрі толықтыра түсті. Күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мәселелерді шешуде азаматтық, қылмыстық істерді қарауда, әскери-отбасылық қарым-қатынастарда «ата-баба жолы» басшылыққа алынды. Есім ханның бұл ережелері халық көкейінен орын тепкендіктен, «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *