АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Кенжебай Р.Б. – студент ҚарМТУ (ПО-14-2 тобы)
Бектөре С.С. – студент ҚарМТУ (ПО-14-2 тобы)
Ғыл. жетек. – п.ғ.к., проф. Султанова Б.К.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен
азаматтарының білімімен өлшенеді»
Н.Ә.Назарбаев
Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез-келген мәдениеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдениет жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру мамандары үшін жолдаудағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше, онда «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандарылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр», — деп көрсетті [1].
Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты даму үстінде. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпаратты үдерістерді, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінгі күні білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану бұл оқытушының білімі мен іскерлігінің және кәсіптік педагогикалық шеберлігінің элементі ретінде қарастыру қажет. Қоғамдық мәні бар барлық адамзат қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап, ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды [2].
Білім беру үдерісін ақпараттандыру дегеніміз – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздесе, білім беруді ақпараттандыру танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және білімгерлердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпараттарды тарату құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу болып табылады.
Кәсіптік оқыту мамандықтары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
— білімгердің өз бетімен жұмысына, уақытын үнемдеуге, білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
— қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.).
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал [3].
Қорыта айтатын болсақ, ақпараттық технологиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Компьютер адам баласы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2015 ж.
2. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2014.
3. Өстеміров К. «Қазіргі білім беру технологиялары». – Алматы, 2015.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *