ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Буштаева Г.М. — ҚарМТУ студенті (ПО-15-1 тобы) Ғылыми жетекшісі – т.ғ.м., оқытушы Акылтаева С.Д.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процесс-білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс-бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс [1, 121].
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі (Ж.М. Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатысушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.
Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге атсалысты. Олар: оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық.
Оқушылардың пікірінше мұғалімдермен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау,яғни білімін дұрыс бағаламау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі, соның салдарынан оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға ынтасының болмауына және сабаққа қатыспауына әкеп соқтырады.
Бұл көбінесе жас мамандарда яғни, тәжірибесі аз оқытушыларда кездеседі. Мұндай жағдайда мектептегі әкімшілік ұжымы, әдістемелік отырыстарда талқылап, ұстаздар қауымы жұмыла кірісіп, көмектескені абзал. Сонымен қатар, бұндай түсініспеушіліктер орын алмас үшін мұғалім мен оқушы арасында этика, сыйластық, тәртіп болу керек.
Негізінен әрбір мұғалімнің ешкімге ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі болуы тиіс. Ұстаздың салмақты, сабырлы, ойлап тапқыш, ұқыпты болуы асыл қасиеттерінің бірі. Бұл қасиеттер мұғалімнің білімдарлығына, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін.
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс-әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығымен анықталады.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі-өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі-мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды [2, 88].
Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту-баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бiртұтас педагогикалық процестi жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы / Н.Д. Хмель; ауд.: К.С. Успанов, Н.Д. Хмель. — Алматы:, 2003. — 128 с.
2. Ш. Құрманалина, Б. Мұқанова, Ә. Ғалымова, Р. Ильясова. Педагогика. — Астана, 2012. – 112 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *