КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бектөре С.С. – ҚарМТУ студенті (ПО-14-2 тобы)
Ғыл. жетек. – п.ғ.к., доцент Самашова Г.Е.

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕРДЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек…Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы – біздің еліміздің болашағына қызмет етеді» [1], — деп кәсіби білім,ғылым саласына өте үлкен көңіл бөліп, ерекше мән берді. Сондықтан да кәсіптік білім беретін оқу орны мен мекемелерінде білім мен біліктілікті қалыптастыруда инновациялық технологиялардың алатын орны өте зор.
Ендігі ретте “инновация” ұғымына тоқтала кетсек, бірқатар ғалымдар оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, нақты жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді [2, Б.2-3].
Ал, Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, көрініс табады деп қарастырған [3, Б.6-7].
Сонымен, “инновациялық технология” – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Оның кәсіби білім алушылар үшін пайдасы төмендегідей:
 оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
 кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
 түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
 болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
 ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;  алған білімін өзіндік тұрғыда бақылау мүмкіндігі кеңейеді.
Сонымен қатар, оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:
 оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;
 оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;
 студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;
 кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.
Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады, сонымен қатар, білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденушілік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылымитехникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық әдістер мен технологияның негізгі, басты міндеттері ретінде келесілерді белгілеуге болады:
 әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
 білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
 өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Осы аталған міндеттер білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады. Сол ұлы істерге мына біздер, яғни болашақ педагогтар, аянбай еңбек етіп, мақсатқа жетеріміз анық! Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2014.
2. Д.Құрбанбаева. Тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары // Бастауыш сынып. – 2012. — №8.
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім // Қазақстан мектебі. — 2008. — №4.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *