
Ахметов Б.Б. – ҚарМТУ магистранты (ПОМ-16-1 тобы)
Төлеуқұл А.А. – ҚарМТУ магистранты (ПОМ-16-1 тобы) Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доц. Самашова Г.Е.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан – жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі студенттер де өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар ретінде өсуде. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген кәсіби құзыретті маман болуын талап етіп отыр.
Құзыреттілік (competentia) латын тілінен аударғанда, адамның жақсы хабардарлығы, танымдылығы және тәжірибелілімен сипатталатын мәселелер шеңберін құрайды. Белгілі саладағы құзыретті адам осы салаға сәйкес білімдермен, қабілеттермен қаруланады. Құзыреттілік – жеке тұлғаның өзіндік даму, жеке тұлғалық даму, өзіндік тәжірибе қорытындысы, сондай-ақ білімнің, біліктің, дағдының және тану тәжірибесінің, пәндік практикалық түрлендірудің, субъективті тұлғалық тәсілі [1].
Білім беру орнының басты мақсаты — қоғамдық және әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына жауап беретін кәсіби құзыретті мамандарды дайындау.
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы тиіс:
• оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін көтеру;
• оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы түрде техникалық қамтамасыз ету;
• басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу; • оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану; • ғылыми және оқу ақпараттарын алу көздерін барынша кеңейту[1].
Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт:
• өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық білім алу;
• ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық меңгеру;
• түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру;
• оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны
пайдаланудың тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану;
• ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік жұмыстарында қолдану;
• оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану;
• коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру;
• тереңдетілген тілдік дайындық;
• ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с [1].
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың маңызы зор.
Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп – салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.
Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған.
Пәнаралық байланыс негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда студенттерге бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін пәндерді, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде [2].
Құзыреттілікке бағытталған білім беруге заманның өзі итермелеуде. Оған көшу бір күнде басталмайды, біз сол күнге жұмыс жасауымыз қажет. Еліміздің болашағы — жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізе білейік!
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Жубауова Ж. Р. Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру // Молодой ученый. – 2014. – №1.2. – . 57 –
60 б.
2. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе», Алматы – 2005