
Құлтай Ә. Б. – ҚарМТУ студенті (ФЭМ 14-2 тобы) Ғылыми жетекші – аға оқытушы Султанова Г.И.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР
Мемлекеттің экономикалық дамуының бәсеңдеуі, бізді дамуға жетелейтін жаңа күштерді іздеуге итермелейді. Егер ондаған жылдар бойы ел экономикасы ірі компанияларға тәуелді болып келсе, бүгінгі күні біз ол жағдайды өзгертіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуымыз керек. Әсіресе, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға назар аударғанымыз жөн. Олар өз кезегінде тауарларын Қытай, Ресей, Иран сынды елдердің үлкен нарығына шығара алатын еді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің құрылу мен даму негіздері Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген. Тұңғыш рет бұл мәселелер 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған.
ҚР Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы заңында көрінісін тапқан болатын. Кейінірек, 1992 жылдың шілде айында Жекеменшік кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы заңы қабылданды. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін келесі түрдегі шаралар қабылданды.
1) несие алуға арнап жеңілдіктер жасалды;
2) өндірістік нысандар мен алаңдарды, кеңселік пана жайларды ақшасын мерзімдерге бөліп төлеумен сатып алуға арнап заңды мүмкіншіліктер жасалды, сондай-ақ оларды жалға алу және сенімгерлік басқару;
3) қызметтің басымдылықтары белгіленді;
4) жекеменшік кәсіпкерлер мен жекеменшік кәсіпорындарды құру мен тіркеу, сондай-ақ олардың екінші деңгейдегі банктерде есепшоттар ашу рәсімі жеңілдетілді.
ҚР Экономика және сауда министрлігінің жанынан құрылған Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету департаменті үлкен рөл атқаруда, оның жанынан 2 кеңес құрылған, біріншісі нормативтік және заңнамалық актілердің жобаларын зерттеуге арнап кәсіпкерлік құрылымдардан құрылған шағын бизнесті қолдау жөніндегі кеңес, екіншісі ведомствоаралық – мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерінен құрылған, ол Президенттің кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асырумен айналысады.
Шағын және орта бизнесті нығайтудың қажеттігі туралы елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемі айтуда. Мысалы, Президенттің 2017 жылы 31 қаңтарда Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында келесідегідеи басты міндеттерге тоқталды.
1. Салықтық аурытпалықты азайту;
2. Меншік мүлкі мен активтерді заңдастыру;
3. Несиелік ресурстарға қол жеткізуді жеңілдету;
4. Әкімшіліктік рәсімдер мен рұқсат алуды жеңілдету;
5. Бюрократтық бассыздық пен бақылау-тексеру органдарынан қорғау;
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек Даму» Қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған. «Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде 18 жылдық тәжірибесі бар.
«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.
Қаржылық қолдау түрлері:
— аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру;
— субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
— кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру;
— гранттық қаржыландыру.
Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Тұтастай алғанда өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.
2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008 3. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж.
4. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008
7. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008