
Жаксылыкова Е. Б. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші-п.ғ.к. Дүйсембекова Ш.Д.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТБАСЫЛЫҚ
ӨМІРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Қоғам құрлымына орай тұлғаның қасиеттері мен сапаларының өлшемдері әрқилы келеді. Психология ғылымында тұлғаның көп сатылы құрылымға ие екендігі көрсетілген. Мұндай тұлғалық психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі бұл қажеттіліктері, себеп аймақтары мен тұлғаның бағыт – бағдарлары жатады. Тұлғаның құрылымы қоғамға, басқаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерден тұрады. Сондай-ақ, тұлға үшін ең мәнді құбылыстардың бірі тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, сонымен қатар, оның өз қатынас мүмкіндіктерін жүзеге асыру қабілеті үлкен маңызға ие болады. Демек, бұл өз кезегінде адам баласының іс-әрекетке бейімділігімен, оның қабілетімен, білімі мен ептілігімен, көңіл–күйі мен еріктік және ақыл-ой сапаларымен, мінез-құлықтарымен астасып, әрі байланысып жатады. Адамзат баласы өмірге дайын қабілет, білім мен ептілікпен, мінез және қызығуларымен келмейді, олардың тек нышаны көрініс береді де, бұлардың барлығы белгілі бір табиғи негізде тұлғаның өмір ағымында пайда бола отырып, сонда қалыптасады.
Студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауда әлеуметтену ұғымының мәні ерекше. Белгілі ғалым И.С. Кон әлеуметтенуді барлық әлеуметтік және психологиялық өмірдің жиынтығы деп көрсеткен [95]. Әлеуметтену дегеніміз тұлғаның білімді жүйелі меңгеруі, қоғамның нормалары мен құндылығын қабылдауы болып табылады. Сонымен қатар, тұлғаға қоғам мүшесі ретінде жұмыс жасауға құқық береді. Тұлға өмірге келгеннен бастап айналасындағылармен әлеуметтік әрекеттестіктерге араласады. Әрбір тұлға бірдей жағдайларда өмір сүре отырып, әртүрлі әлеуметтік тәжірибе жинақтайды.
Жоғарыда айтылған компоненттер отбасына бейімделуі қатарына жатады. Тұлғаның отбасы өмірімен танысуы оған біртіндеп үйренісу процесінен бастау алады. Дәл осы кезең басқаларына қарағанда ерекше қиындыққа толы болып саналады. Өйткені, оған қарым-қатынас пен ісәрекеттің қайта құрылуы ғана емес, жас ерлі-зайыптылардың жеке бас ерекшеліктері мен өзгерістері, қажеттілік-мотивациялық аймағының қайта құрылуы, сана-сезімнің жаңа деңгейінің қалыптасуы және әлеуметтік ортамен жаңа байланыстары енгізіледі.
Отбасылық өмірдің негізі болып табылатын некеге дейін жастарда белгілі бір өзіндік қалыптасулардың көрінісі, яғни, «Мен бейнесі» болады. Өмір барысында байқап жүргендей некеге отырғаннан кейін ерлізайыптыларда бұрынғысынша өмір сүруге мүмкіндіктері болмағандықтан отбасылық өмір жағдайының тұрақсыздығы мен қанағаттанбаушылығы күшейе бастайды. Дегенмен, тұлға отбасылық өмір сүру барысының басынан бастап-ақ, оның Мені жүзеге асады да, рефлексивті Мен күрделенеді және дифференцияланады. Осы арқылы жаңа, әрі күрделенген және жеткілікті тұрақты бейне жасау мақсатында тұлғаішілік қайшылықтарды анықтау жұмысы жүргізеді.
Кеңес ғалымы Е.С. Калмыкованың еңбектерінде отбасылық өмір сүрудің алғашқы жылдағы мәселесі айтыла келе, оның бастапқы екі жылында қарым-қатынастың жеке стереотиптерінің қалыптасатындығы, құндылықтар жүйесінің сәйкестендірілетіні және жалпы тәртіптік бағыттарды өңдеу уақыты екендігі баса көрсетіледі
Көп жағдайда некеге тұрған жастар үшін отбасылық өмірдің кейбір дәріптеушіліктері тән болып келеді. Осы орайда, бұл жерде мәселе Студенттердің отбасылық өмірден ең алдымен, рухани өсуде және өзіндік жетілдіруде өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды күтетіндігінде болып отыр. Сонымен қатар, материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз етіп отыру және оны қанағаттандыру соңғы орынға ие болатынын көрсететін тұжырымдар да жоқ емес.
Қорыта келе, тұлғаның әлеуметтенуі арқылы отбасылық қарымқатынасқа психологиялық дайындау мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтену арқылы тұлға қоғамның құндылықтарын бойына сіңіре отырып, болашаққа бағытталған жоспарларды құруды үйренеді. Бүгінгі күні «гиперқамқорлық» ұғымы психология ғылымында кеңінен пайдаланылып жүр. Бұл дегеніміз әлуеметтік институттарда, яғни, отбасында, білім беру ұйымдарында Студенттерді бостандықтарынан айырып, шектен тыс қамқорлыққа алу жағдайлары өз өмірі жолында кездесетін қиындықтарға төтеп беру қасиетінен айырып, психологиялық тұрғыда әлсіз тұлғалардың дамуына алып келіп отыр. Сондықтан әлеуметтік институттардың ең басты міндеті, Студенттердің өмір жолын құрып беру емес, оны тек бағыттау мақсатында ғана бірлескен әрекетке алып келуі басты жағдайлардың бірі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Андреева Т.В. Семейная психология: -СПб.: Речь, 2004.- С.244
2. Жарықбаев Қ.Б. Этнопсихологическая наука Казахстана в ХХ веке.- Алматы, 2006. –С. 256.
3. Запорожец А.В. Избранные психологические труды. М: Директ- Медиа, 2008.- С. 1287
4. Мудрик А.В. Социализация человека: уч.пособие для студ. высш.
учеб.заведений.- М.: Издательство центр Академия, 2004.- С. 304.