Сөйлеу техникасы туралы

Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талдап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған,дағдыланбаған адам коркем шығарма мәтінін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізе алмайды.Сөйлеу техникасын игеру тәсілін музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе,орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз естіледі.Демек,мәтінді оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.Сөйлеу техникасына тыныс алу(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару),дауыс,дикция(үн реңкі) жатады.Мәтінді мәнерлеп оқушы сөйлеу техникасына үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айырықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтардан қарау қажет.
Мәтінді мәнерлеп оқушы,әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикцясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу апаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *