Екпін

Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі
кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Орфоэпиялық және орфографиялық қателер. Сөздердің әдеби тілдегі дұрыс айтылу және жазылу нормасын бұзушылық оқушылар жұмыстарында көп кездеседі. Орфографиясы қиын сөздерді қате жазу өз алдына, оның үстіне, көп сөздерді орфоэпиясы бойынша жазып қояды (көзғарас, шегара, гиограф, алалмадым т.б.). Ал ауызекі тілде сөздердің естілу әуен-ырғағының дұрыс болуына мән бермей, жазылу бойынша айта салады.
Төменгі сыныпта орфоэпиялық және орфографиялық қателердің бірқатары сөз мағынасын түсінбегендіктен туады. Кейде шала-шарпы естілуі бойынша, мағынасына ой жібермей жаза салған сөздерінде жоғарыдағы екі түрлі қате қосарланып жүреді. Мысалы: тес пергенде (дес бергенде), кескіріскен (кескілескен), әлеумент (әлеумет) т.б. мұндай дыбыстардың өзгеруі арқылы пайда болатын қателер оқушылардың жұмыстарында білетін, қиын емес сөздерде де кездесіп отырады. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету — әдеби тілді меңгертудің бір жолы.
Дауыс ырғағы – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Дауыс ырғығы — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі.
Дауыс ырғағы— ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Дыбыстау ырғағы, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айырықша ерекшеленуі айқындалады.
Дауыстың жоғары ,орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып , өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыру керек.
Мәтінді оқып беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше ,қатал, салқын үні нақышталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *