|
Пән: қазақ тілі |
Мектеп: «Қарақұм» жом |
||||||
|
Күні: 07.12.20 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ә.Алтынбай |
||||||
|
Сынып: 8в |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Тақырыбы |
4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері Байқоңыр – ғарыш айлағы |
||||||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
8.1.3.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау. 8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану |
||||||
|
Оқу мақсаттары |
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйеніп тақырыпты,көтерілген мәселені болжау; Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін дәйексөздер мен үзінділер арқылы меңгеру Сөз тіркестерінің етістікті, есімді түрлерін ажырату Сөз тіркесінің түрлерін анықтау |
||||||
|
Бағалау критерийі |
1. Дәйексөздер мен үзінділерге сүйеніп көтерілген мәселені болжайды 2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін мәтіннен алынған дәйексөздер мен үзінділер арқылы көрсетеді 3. Сөз тіркестерінің етістікті, есімді түрлерін ажыратады 4. Сөз тіркесінің түрлерін анықтайды |
||||||
|
Құндылықтар |
Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше…… Себебі…. Бұған дәлел…… Қорыта айтқанда,…. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Физика, астрономия сабақтарымен байланыс |
||||||
|
Алдыңғы білім |
7-сыныпта қалыптасқан дағдылар, білімдік және ақпараттық ресурстар |
||||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы
5 мин
5 мин |
Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады. Бағалаудағы критерийлердің маңыздылығы мен рөлін түсіндііеді. Оқушылар топта оқу мақсаты мен бағалау критерийін талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар. 1. Оқу мақсаты бізге түсінікті ме? 2. Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерий қаншалықты көмектеседі? 3. Нәтижелерге жету үшін не істеу керек? Топқа бөлу
Арман, мақсат, жетістік , табыс сөздері жазылған суреттер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. Тыңдалым алды тапсырмасы Оқушылар топта тақтада көрсетілген дәйексөздерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбына, онда қандай мәселе көтеретіні жөнінде болжам жасайды. Әр топ өз болжамын айтады. Алдымен топтар өз топтарының атына сай келетін дәйексөзді таңдап алады. Сол бойынша көтерілген мәселеге болжам жасайды 1. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең. 2. Байқоңыр – Қазақстан мен ғарыш әлемін байланыстыратын көпір. 3. Біз болашағымызды ғарышпен тікелей байланыстырып отырған елміз. 4. Ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді. Бағалау критерийі: 1. Берілген дәйексөздер арқылы тақырыпты болжайды 2. Дәйексөздерге сүйенен отырып, көтерілген мәселені анықтап, өз болжамдарын айтады Бағалау. Мұғалім топтың жауаптарын смаилик арқылы бағалайды. Оқушылардың жауаптарына кері байланысын береді. |
Бағалау смайликтері |
|||||
|
Сабақтың ортасы
3 мин
5мин
9 мин
8 мин |
Мағынаны ажырату Ойқозғау. Берілген дәйексөздер арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжау жасайды. Ø Қазақ топырағынан талай ғарышкер ғарышқа аттанды. Ø Ғарышқа аттанған Ұлтымыздың үш ұланы бар. Ø Жерді қашықтықтан зонттау ғарыш жүйесі құрылды. Ø Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Ø Қазақстан мен Ресей Президенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары туралы мемлекетаралық Келісімге қол қойып, ғарыш кешенін жалға беру туралы шарт жасасты. Мұғалімнің оқушылардың жауабына кері байланысы. Топаралық бағалау
Мұғалімнің кері байланысы
Тыңдалым. Оқушылар «Байқоңыр – ғарыш айлағы» тақырыбында мәтінді тыңдайды. Тыңдалым мәтіні бойынша берілген үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжайды.
1-топ Байқоңыр — Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан.Ғарышты бағындырудың қазақ жерінен бастау алғаны сендерге қалай әсер етті? 2-топ Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз» ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. Жер серіктерінің қызметі қандай? 3-топ 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Бұл – Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылған күн.Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты.Қазақ ғарышкерлерінің қарышқа ұшқанынан қандай әсер алдыңдар? 4-топ. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Қазақстан мен Ресей Президенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары туралы мемлекетаралық Келісімге қол қойып, ғарыш кешенін жалға беру туралы шарт жасасты.Әлемге әйгілі Байқоңырдың болашағын қалай елестетесіңдер? Бағалау критерийі: 1. Үзінділерді қолдана отырып, көтерілген мәселені болжайды 2. Ойларын нақты дәлелмен жеткізеді Топаралық бағалау. Әр топ дайын бағалау критерийі бойынша бір-бірін бағалап шығады. Мұғалімнің кері байланысы. Топтардың тапсырманы орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстарын айтады ӘТН- мен жұмыс 1. Синтаксис – гректің «құрау,біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Синтаксис — тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысы, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы. Синтаксис сөйлемді, оның мағыналары мен түрлерін, сөйлемнің қалай құралатынын, яғни сөйлемдегі сөздердің қалай грамматикалық байланысқа түсетінін және оның нәтижесінде сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуын қарастырады. 2. Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз. Бағыныңқы сөз Басыңқы сөз темір балға боз інген бес ешкі сол сәт тез жүгірді Сөз тіркесіне тән белгілер : 1) Сөз тіркесінің құрамы кем дегенде толық мағыналы екі сөз болады ; 2) Сөз тіркесін құрайтын сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса,мағыналық байланыста айтылады; Мысалы:Кешкі ауыл тіршіліктің жәрмеңкесі сияқты. а) кешкі ауыл, ә)тіршіліктің жәрмеңкесі 3) Сөз тіркесі белгілі бір синтаксистік ( анықтауыштық ,толықтауыштық,пысықтауыштық) қатынасты білдіреді. а) кешкі ауыл-анықтауыштық қатынас, ә) тіршіліктің жәрмеңкесі- анықтауыштық қатынас 3.
4. Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады Сөз тіркесі: Бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады Сөйлем: Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал—мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас). Оқулықпен жұмыс 3-жаттығу 1. 4 топқа бөлініп,оқылым мәтінінің 4 азатжолы бойынша жұмыс жүргізу.Сөйлемдердегі есімді және етістікті тіркестерді ажыратып кестеге жазу Дескриптор : — Сөйлемдердегі есімді және етістікті тіркестерді ажыратады — кестеге жазады Мұғалімнің кері байланысы. Не жақсы болды? Нені жақсарту керек? |
Ғарыш саласының жетістіктері
Қазақ ТВ
сөз тіркесі I Test
|
|||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кімге : Байланыс нөмірі : 8771 237 46 74 Кімнен :
1.Оқу мақсатына жеттік пе? 2.Оқу мақсатына жету үшін не істедіңдер? 3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге? 4. Көтерілген мәселені болжау үшін үзінділер мен дәйексөздер қаншалықты тиімді болды? 5.Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері не үшін қажет деп ойлайсыңдар? |
Ауызша кері байланыс |
|||||
|
Қосымша мағлұматтар |
|||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
|||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
|
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||