
Ә.Нұшайықов
Ұрпақта немере тәтті, тұрмыста татулық тәтті.
Ісмерге — іс көп, жалқауға — жұмыс жоқ.
Ез өспейді, ел өшпейді, еңбек өлмейді.
Бейбітшілік алыстан келмейді, ол әр адамның өз үйінің босағасынан басталады.
Аға сөзінің ауырлығы жоқ.
Бікті адамды білген де мақтаныш.
Біреудің бақытына қуана білу де өнер.
Күйгелектің күйі түзелмейді.
Әділдік ағайыннан да қымбат.
Түсіңе ісің сай болса — құба-құп. Ал тек түсіңнің әсем болғанынан ісіңнің әдемі болғаны артық.
Ойсыз адам ұзақ жасайды.
Асығыс істелген іс абырой әпермейді.
Есеппен істелген жақсылық — есте қалмайды.
Баланың өнегесі — өз үйінен басталады.
Әке еңбекшіл болса — бала шаруакер.
Шешесі шебердің — қызы ісмер.
Ақылды ана тәрбиелеген бала алаңғасар болмайды.