Н.Назарбаев

Н.Назарбаев

Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады.

Уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді.

Билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдық екі басқа.

Тарих пен тіл тамырлас.

Өркениет кеңістігінен өз орныңды табу үшін биік мәдениет керек.

Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл — саясатшы даналығы дегеніміз де осы.

Отанды сүю — өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Өзгенің есебінен жақсы көрініп, жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.

Менің сенетінім — жақсылық, менің сенетінім — болашақ.

Ар-намыссыз — ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.

Ең асыл қазына — бірлік.

Дауы таусылмайтын елдің жауы да таусылмайды.

Мәдениет деген ұғымда адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *