Аспан денелері
Әл Фараби
Аспанның денелерінің жандарына келетін болсақ, онда олар кемшіліктерден таза. Алайда, олар субстраттарда болады және осы мағынада олар формалармен ұқсас. Бірақ аспан денелерінің субстраттары материялық емес, бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән субстраты бар. Олардың формалардан айырмашылығы дәл, міне, осында. Аспан денелерінің жандарында Екінші [себептерге] тән кемшіліктердің барлығы бар, бірақ бұлар мұнан гөрі жетілмеген, өйткені бұларды субстанцияландырып отырған көпшілік Екінші [себептерді] субстанцияландыратын көпшесінен артық. Себебі, аспан денелерінің жандары өзінен кейін Екінші [себептерді] және Бірінші [себепті] ақылмен пайымдай отырып, сұлулыққа және рақатқа ие болады.
Оның үстіне, олардың болмысынан басқа болмыстар туады. Бұларда [басқа мәндердің] болмысы шыққанда олар құралсыз басқа жағдайсыз бола алмайды. Мысалы, бұларға олардың мәндерінің үстіне тағы екі жағдайда басқа да нәрселер керек. «Екі жағдай» деп біз, біріншіден, бұлардың өмір сүруін және [екіншіден], болмыстың басқаға берілуін айтамыз.
Екінші себептер өз мәнінен тысқарғыға қатысы жок, әйтсе де екі жағдайдың екеуінде де олар сәулет пен сұлулыққа ие болады, өйткені бұған себеп олардың өмір сүруі, басқа болмысқа құйылмай, тек өзімен-өзі шектелетін болғандықтан емес, бұлар өздерінен төмен жатқан бар нәрселерді ақылмен пайымдайтын болғандықтан ие болады /18/.
Жануарлардың жандары түйсінеді және қиялдайды оларды түйсінетін және қиялдайтын нәрселердің бейнелері аяқталған формада пайда болған кезде олар (38-бет) қайсыбір жолдармен материялық емес нәрселерге ұқсайды, бірақ бұл ұқсастық оларды болмыс жаратылысынан, ал материяны форма жаратылысынан айырмайды.
Егер жанның парасатты бөлігі аяқталу дәрежесіне жетіп, актуальды ақыл-парасатқа айналса, онда ол материялық емес нәрселерге ұқсайды. Оның болмысының жетілуі, оның шын күйі, оның сәулеті, әшекейлік пен сұлулығы өзінен жоғарыда тұрған нәрселерді ақылмен пайымдағандықтан ғана емес, сонымен бірге өз сатысынан төмен тұрған нәрселерді де ақылмен пайымдалғандықтан игеріледі және мұның көпшесі оның ненің арқасында субстанцияланатындығының, оның күшті өсуінің арқасында болады. Оның үстіне, жанның барлық басқа бөліктерінен толық безе отырып, жанның ақыл-парасатты бөлігі болмысын басқаға айналдырмай, өзімен-өзі шектеледі. Басқаға болмыс бергенде талпынушы, қиялдаушы және түйсінуші күштер арқылы береді. Ал басқаның мұнан алатыны соның болмысына анағұрлым жетілген түр беру үшін қызмет етеді. Ал одан құрал безіп шыққанда оның басқаға әсер етуі мүмкін болмай қалады, өйткені мұның субстанциясынан басқаға болмыс шықпайтын тәрізді, сондықтан ол өзінің болмысын өз субстанциясында үнемі сақтаумен қанағаттанады немесе себепке, бірақ әрекетшіл себепке емес, мақсаттық себепке айналады /19/.