Риторика

Риторика

Әл Фараби

Шешендік өнеріндегі көз жеткізу дегеніміз – адамның өзіне айтылғанды көкейіне түю, сондай-ақ, оған ой жіберу аркылы адамға құлаққою болып табылады. «Көзін жеткізу» терминінің осындай мағынада алыну себебі мынада: зат тұтас заттың бөлігі ретінде айқын көрінеді, тіпті затты кең ауқымда қарастыру мүмкіндігі болса, онда мұның өзі (көз жеткізу үшін) жеткілікті болады. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған, бір-біріне сөз салған, бір-бірімен әңгімелескенде, бір нәрсені дәлелдеп көз жеткізу үшін шешімдер қабылдаған кезде білімдік пікірлерді жиі келтіреді. Пікір мен шынайы білім көзқарас мағынасында ортақ сипатқа ие болады.
Әңгіме айтатын адамның бет-әлпетінің кейпі, оның денесінің тұрқы мен мүшелерінің қалпы сол адамның қылығы болып табылады. Мәселен, осы жағдай тындаушыға төніп келе жатқан үрейлі оқиға туралы хабарлаған кезде болады. Бұл сәтте оның бет-әлпетінен зәресі ұшу, қорқыныш нышаны аңғарылуға тиіс немесе ол әлдебір затқа қимыл-қозғалыс арқылы нұсқап, не басқа біреудің нұсқағанын істейді. Бұл оның ақиқаттығына сенімін арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *