
А. Рудаки
Парасат бақшасында
* * *
Жалықпайсың жақын жанға атын тағыпсараңның,
Соқырланып содыр тартпа тағдырына адамның.
Сараңдықтан өзің арыл, оңай олжа аңсамауға шыдарсың,
Сонда дүние шексіз мырза екендігін ұғарсың.
* * *
Беу, уақыт-ай! Ауқатты жас, жүзі жарқынбаппенен,
Қызмет іздеп салт келіпті, құс қанатты атпенен.
Шах сүйер ме? Не қылмақшы, өтсе жылдарбаяулап,
Қарт қайыршы болып кетер, ұзақ жолменжаяулап.
* * *
Бұхара, Тараз перизаттары қайда? – деп,
Михрабты таста, сұлуларға бар да жет.
Сол тірлікті құдайым сүннет санапты,
Махаббаттың ойынына бізді жаратты.
* * *
Сен – арыстан, ғаламаттың ұрпағына балайын,
Сен – киіксің, таңдандырған орман, тоғай маңайын.
Сен күнсің ғой, жылдамдық болжар төтесін,
Атомнан бұрын аңсаған жерге жетесің.
* * *
Қара бұлттар бұршағы қарайламай жауыптұр,
Өлі жанның жұлдыздар суық өңін танып тұр.
Жазатайым тайғанап, сен әуреге саларсың,
Құламай бірақ қақшиып, сау күйіңдеқаларсың.
* * *
Сен сүйесің дөңгелек жұмыр бөксесін,
Қара көз қыз жан баурап назын төккесін,
Арпаның нанын менсінбей қатты сынарсың,
Дөңгелек, жұмыр ыстыққа сен құмарсың.
* * *
Қайран қалсақ, сілімтікке қарашы,
Терең ақыл иесінің баласы.
Әкесінің білімі мен талантын,
Тап осылар мұра ете алмай қалатын.
* * *
Парасаттың бақшасы үшін күздейсің,
Махаббат үшін көктеміңді үзбейсің.
Пайғамбары ғашықтардың мен болдым,
Махаббатты жаратушы сен болдың.
* * *
Өмірге сен ойлы көзбен қарашы,
Өзгеріпті жер мен көктің арасы.
Дүние-теңіз. Сен жүзуді қаласаң,
Кеме жаса асыл іспен орасан.
* * *
Ғашық жанның сүйгені жан баурайды,
Ол байырғы тұзды судан аумайды.
Қаталатып жұтым судың керегі,
Ішкен сайын іше бергің келеді.
Рудакидің ғазелдері
* * *
Сұлу жүзің әлемге сән бергенін мен түсіндім,
Иісі жұпар бұйра шаш кереметі мүсіннің.
Тәңірім, білер сенің темір жүрегің,
Тасты қашар келсе белгі түсіргің.
Махаббат пен достығыңа сенбеймін,
Темір жүрек келсе отын ұсынғын.
Жаратқаннан мейірім күтсем, не табам?
Оның нұрлы мархабатын ұқпасыңақысылдым.
Рудакиді етсең егер өз құлың,
Жүз тақсырдан бақыты асар құсыңның.
* * *
Жүрек, қанша махаббатпен өз күйіңді баптайсың,
Суық темірді соғып не күш сақтайсың?
Жүрегім менің дән емес пе сен неге,
Жалғыз дәнді таудай таспен таптайсың?
Рудакиге қарашы, тәні есен- сау тулап тұр,
Шыбын жанын қалай жалғыз тастайсың.
* * *
Мың түрлі гүл аңқып иісін ұшырып,
Алма ағашы тұрды жұпар ұсынып.
Сені көріп табыну, талас басталды,
Патшалар да тәртібіңе түсініп.
Түн құлшынып жерге қарай бергені-ай,
Мен сияқты ынтық зарын түсіріп.
Чадыраңды тастасаң ажарыңды Алла ашар,
Құлың көрер, сүйдім деген үн шығып.
Егер күндіз шыға келсең сәлдесіз,
Етегіңе Күн тығылар, келбетіңнен қымсынып.
* * *
Ауыр түс көрем сұм жалғанның жүрісін,
Тынымсыз заулап қаталдық жасар ірісін.
Ол қуанар тірі жәндік қиналғанын көргенде,
Ізгілік деп бағалар, зұлымдықтың сұм ісін.
Қалай ғана, тіл қатпай сен шыдайсың,
Ол тездетсе, алғызбай адам тынысын.
Жүзі ашық бұл жалғанның іші арам,
Сұлу ғой бірақ таппаған негіз дұрысын.
* * *
Өлімсізде өткір семсер байқалар,
Зорлықты Алла жүз еселеп қайтарар.
Зомбылық емес болат семсер арманы,
Жүзім сығым көрмесе де жай табар.
Өлі жанды көріп Иса пайғамбар,
Өз бармағын тістеп, болды қайманар.
«Кімді өлтірдің,– деді, – өзің өлгенде?
Сені өлтірген қаныпезер де қан табар».
Шақырмаса қақпа бөтен есікті,
Өз есігің сансыз жұдырық арқалар.
* * *
Өмір сүрсек не болғаны үш тәулік,
Неге керек жасау оған құптарлық.
Құс төсекте үйренсең де жатуға,
Қара жерде табар денең ұстамдық.
Қабіріңе жалғыз өзің кіресің,
Адамдар жоқ баптап, күтіп ұстарлық.
Құрт, құмырсқа онда сенін достарың,
Мәңгі айналыс өткізбейді іштарлық.
Әр бұрымың болса-дағы мың ділдә,
Қара мойыл қасыңа жетпесе де ділмарлық.
Жұмылып көзің кеткенде, ыстық дегенжүректе,
Әудем, сәтте байқалар бой суытар мұзбарлық.
Рудаки айтқан нақыл сөз
* * *
Тән таңсығы: ақша, кең төр, тойшылдық,
Жан таңсығы: ғылым, білім, ойшылдық.
* * *
Жұрт сөксе де мен жақтайтын досым бар,
Ал жексұрын, арсызға мен емеспін қосылар.
* * *
Тәтті өлеңге сен ешқашан тоймайсың,
Жан зарына құлақ сала қоймайсың.
* * *
Бірлік және тыныштық көздегені көсемнің,
Соғыс пен дау қашанда көксегені есердің.
* * *
Көктем келсе, жайраң қағар күн керек,
Сен келгенде сайран салар түн керек.
* * *
Жақсы түлкі терісі илемпаздың сыйлығы,
Жалақорды көрсетер сол түлкінің құйрығы.
* * *
Киіміме кір деп қарама, бөл көңілді өзіме,
Жүрегі кір түспейін ақымақтың көзіне.
* * *
Өмірден ал сабақты, үзімі бойға тарайды,
Өрт, дауылдан өтуге, үлгісі баптар талайды.
* * *
Біз – қойлармыз, өмір– шарбақ, әне соны салмақта:
Тәтті ұйқыға кіргенде, түсеміз бір қармаққа.
* * *
Көз жұмғанша мақтай берем, мен үшін сен замансың,
Жыртар жерім, орақ жасар, астық басар– даламсың.
* * *
Кей дастарқан үстінде бәлішке толы, бадам бар,
Түйір нанға аз емес, зар боп жүрген адамдар.
* * *
Зұлым тағдыр шын қаталдық етіпті,
Қуаныш, қайғың араласып кетіпті.
* * *
Аяласаң мен көрмеспін кемтарлық,
Тәңірім қостар, жасай көрме енжарлық.
* * *
Қалам жазар, жайна жұрттан қалыспай,
Бағың жансын, жауың күйсін қамыстай.
* * *
Біз табынар ағаштан пұт ұстаймыз,
Дүние пұтқа, біз шаманға ұқсаймыз.
* * *
Екі жүз жыл құзғын өмір сүреді,
Ал қарлығаш бір-ақ жыл есен жүреді.
* * *
Адал жанның орнында, сұм малшынды шаттыққа,
Құрметке есек оранды, түйені қиыпжаттыққа.
* * *
Дос кінәсін көтерер кетпе жолмен,
Қос қарбызды ұстау жоқ жалғыз қолмен.
* * *
Таптың сұлу, жүрек арбау амалын,
Кедергісін алдау білмес – санасында дананың.