
Жанұя, туыстық қатынастар туралы
Тәрбие – тәлімнен.
Өнегелі отаудың өрісі кең.
Келіні жақсының керегесі алтын.
Сүйіктің жоқта дүние суық.
Баталы сөз – балаға азық.
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен болар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
Алып – анадан,
Ат – биеден.
Екі жақсы қосылса,
Ай мен Күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасып таласар.
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
Туысы бірге кетпейді,
Түбі бірге түтпейді.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Ағайынды жігіттің отарында малы бар,
Жалғыз-жарым жігіттің шығар-шықпас жаны бар.
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Көп ақылдының інісі бол.
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
Ағайын – ағайынның айнасы.
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса, одан жат жуық.
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл болады.