
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік, ынтымақ туралы
Кісіні кейде артықшылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.
Адам деген ат – адамға лайық.
Күштінің қолы ұзын.
Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.
Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Байлық байлық емес, білім– байлық.
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
Алтын алма, білім ал.
Асу бермес, асқар жоқ.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Баланы бесіктен тәрбиеле.
Өз-өзіңді сыйламасаң, өзгелер де сыйламас.
Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай,
Шешендердің сөздері ағып тұрған балдай.
Мың қосшыдан, бір басшы артық.
Әділсіз болса, би оңбас, әйелсіз болса, үй оңбас.
Кішіпейілділік − кісінің көркі.
Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа.
Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
Қайыр бар жерде ырыс бар.
Жақсылық жүректен, жамандық білектен.
Жақсыдан – шарапат.
Жаманнан – кесапат.
Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
Ақыл арымас, алтын шірімес.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Жақсыны халық мақтар, жаманды халық даттар.
Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады.
Халық қаһары қамал бұзар.
Өзін-өзі басқарған ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Адалдық – ардың ісі.
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі − адалдық.
Арқанды ат қазығына оралар.
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал.