Ұялы телефондар мен компьютерлерге арналған маркеттің
мақсаты, міндеті




Ұялы телефондар мен компьютерлер қазіргі заманда ең көп қолданылатын, ең қажетті және ең актуалды десек болады. Технологиялардың дамуына байланысты әлемдегі көп сервистерді пайдалану үшін смартфон немесе компьютер қажет болады. Қазіргі таңда тіпті көптеген гаджеттерде бар.
Баяғы заманда қызметтің түрлері шектеулі болатын. Қазір қызметтің түрі өте көп. Және кез-келген қызметтің көбісі интернет арқылы да қызмет көрсетеді. Олар: интернет-магазиндер, хабарландыру сайттары, авиа қызметтер, такси қызметтері және т.б. Бұл сервистертің әрқайсысының өзіне сай веб-сайт немесе қосымшалары бар. Себебі ол қазіргі таңда актуалды әрі тиімді. Салыстыратын болсақ, баяғыда технологиялар қазіргідей дамымай тұрып адамдардың өмірі мүлде басқаша болатын. Мысалы, белгілі бір зат сатып алу керек болса, міндетті түрде базар немесе дүкендерге барып сауда жасайтын болған. Олай сауда жасаудың әрине пайдасы мен зияны бар. Пайдасы ол алғын келген тауарды ұстап көре аласын. Ал зияны сол тауарды көру үшін уақытынды жолға кетіресін. Авиабилет алу үшін баяғыда әуежайға немесе аэробекеттерге барған болса, қазір веб-сайт немесе программаның көмегімен өзіне лайықты күнге, қолжетімді бағаға онлайн түрде билет алуға болады. Осының бәрі технологиялардың дамуының арқасында десек қателеспейміз. Тіпті такси шақыру керек болса да, қосымшаның көмегімен ыңғайлы әрі тез такси шақыруға болады. Менің дипломдық жұмысымда осы айтылған мысалдар секілді, адамдарға барынша ыңғайлы қызмет көрсету.
Тағы да бір мысал қарастыратын болсақ, көлік таңдау немесе сатып алу. Әдетте көлікті көлікбазардан қарап, таңдап, сатып алатын болған. Бірақ заманауи технологиялардың дамуына байланысты көптеген программалар мен вебсайттар бар. Сондай веб-сайттардың түрлерін айтатын болсақ, олар: kolesa.kz, avto.kz және т.б. Kolesa.kz Қазақстанда қолданылатын веб-сайт, ал avto.kz Ресейде. Kolesa.kz Қазақстандың сервис болғандықтан осы веб-сайт туралы көбірек ақпарат айтайық. Бұл сайт 1996 жылдан бері 2014 жылға дейін шығарылып келген “Колеса” газетінің негізінде құрылған. Сайт 2006 жылы құрылып, қазіргі таңда үлкен, ауқымды жобаға айналды. Бұл тек онлайн тегін хабарландырулар ғана емес, автокөлікшілерге арналған нағыз сауда орталығы және электронды мағлұтнама. “Колеса” жаңартуымен және қолдауымен кәсіби журналисттер, редакторлар, программистер айналысады. Сайттың қысқаша нұсқауын айтатын болсақ, сайттың мазмұнын екі бөлікке бөліп қарастыруға болады. Олар:
– жеке тұлғалар мен компаниялардың жарнамалары; – автомобильдік материалдар.
Осы веб-сайттар пайда болғалы адамдардың өмірі жеңілдемесе, қиындай түспегені айдан анық. Бұл сайттар тек көлік саласына қатысты қызметтер көрсетеді. Басқа салаларғада арналған түрлі-түрлі веб-сайттар жетерлік. Соның бірі ол – krisha.kz.
Сайттың атауынан ақ қай салаға арналғанын байқауға болады. Ол әрине үй, пәтерлерге арналған веб-сайт. Бұл сайт дәл kolesa.kz сайтына өте ұқсас, айырмашылығы тек саласында. Сайт үй және пәтер сатып алам деушілерге немесе сатушыларға өте қолайлы. Себебі сайтта пәтер іздеуге барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, бөлме бойынша іздеу, бағасы бойынша және т.б. Сонымен қатар, сату мен сатып алудан басқа құрылыс және жөндеу, жобалау және жобалау, тасымалдау, тазалау, жиһаз және сантехникалық бұйымдарды монтаждау қызметтеріде көрсетіледі.
Сонда басқа заттарды қайдан сатып аламыз деген сұрақ қолданушыларда туындауы мүмкін. Бірақ ондай сұрақтарғада жауап беретін веб-сайттар бар. Олар: olx.kz, market.kz. Бұл сайттарға қысқаша анықтама беретін болсақ, бұл сайттар барлық салада, яғни категориядағы хабарландырулар. Себебі бұл сайттар кез-келген заттарды сатуға немесе сатып алуға болады. Дегенмен қазіргі уақытта көлік немесе пәтер сияқты ерекшелеу керек заттарда бар. Олар әрине электроникаға қатысты тауарлар. Анығырақ айтсақ, ұялы телефондар және компьютерлер. Себебі ұялы телефондар мен компьютерлер пәтер мен көлік сияқты актуалды десек қателеспейміз. Статистика бойынша кез-келген екінші адамда ұялы телефон немесе компьютер бар. Өйткені заманның талабы солай. Тіпті жоғары айтып өткен kolesa.kz, krisha.kz секілді сайттардың өзін пайдалану үшін бізге ғаламторға кіру мүмкіндігі бар ұялы телефон немесе компьютер қажет болады. Бұдан бөлек адамдар өзара байланысу үшін, бір-бірімен хабар алмасу немесе жаңалықтармен бөлісу үшін де ұялы телефондарды сатып алады. Бүгінгі таңда ұялы телефондар мен компьютерлердің түрі өте көп. Сол үшін де бұл заттарды арнайы сайтқа жасау ыңғайлы болып табылады. Мысалы, белгілі бір адам ұялы телефон алғысы келсе дүкен аралап жүрмей, онлайн түрде телефондарды бір-бірімен салыстырып өзіне ұнағанын алады. Olx.kz, market.kz деген сайттардан ақ телефон немесе компьютерді алуға болады ғой, неге соны пайдаланбасқа деген сұрақ міндетті түрде туындайды. Бірақ ол сайттар телефондар мен компьютерлерге арналған тематика болмағандықтан адамдарға өзінің іздеген телефонын табу қолайсыздық тудырады. Себебі ол сайттарда тек телефондар мен компьютерлер емес барлық заттың түрлері бар. Сондықтан да қолданушы іздеген затты ұмытып қалмауы ғажап емес.
Менің жасап жатқан сайтым осы артықшылықтарды арттырып, кемшіліктерді азайту мақсатында болып табылады. Себебі менің жасайтын сайтымда, тек қана ұялы телефондар мен компьютерлер және оларға арналған қызметтер болады. Байқасаңыздар жоғарыда мысал ретінде айтып өткен сайттарда сол салаға қатысты қызметтері бар. Мысалы, kolesa.kz сайтында көлікке қатысты қызметтер ұсынылады. Олар: көлік жөндеу, жалға беру немесе алу және т.б. Ал krisha.kz сайтында: құрылыс және жөндеу, жобалау және жобалау, тасымалдау, тазалау, жиһаз және сантехникалық қондырғылар. Сол сияқты міндетті түрде сайтта қызметтер жүйесі кіреді. Ол жерде ұялы телефон немесе компьютерлерді жөндеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Себебі дәл осы қызмет біздің сайтты ерекшелей түседі. Қарапайым мысал қарастыратын болсақ, белгілі бір адамның ұялы телефоны істен шығып қалған жағдайда ол адам қайда баратынын білмей өзінің жүйкесін тоздырып және өзінің алтын уақытын кетіреді. Ал біздің сайттың көмегімен ол адам оңай қызмет көрсететін жерді тауып алады. Бұл жасап жатқан сайттын тек қана қолданушыларға емес, қызмет көрсету орталықтарына да пайдасы өте зор. Себебі осы сайт арқылы олар өздерінің қызмет орталығын жарнамалай алады. Сондай-ақ қолданушылар қызмет орталығын бағалай алады. Ол әрине тағыда қолданушыларғы ыңғайлылықты арттыра түседі. Өйткені, қызмет орталығының қаншалықты жұмысын жақсы істейтінін сол бағаға қарап анықтауға болады. Сонымен қатар сайтта категория бойынша іздеу, бағасы бойынша іздеу, модель бойынша іздеу, сұрыптау және т.б жағдайлар қарастырылған. Себебі, ұялы телефон немесе компьютер іздеген адам категория бойынша, модель немесе баға бойынша іздейді. Осы айтылған нәрселердің бәрін тек артықшылық ретінде қарастыруға болады. Кемшілікке тек бір ғана нәрсені жатқызуға болады, ол – интернетке кіру мүмкіншілігінің қажет болуы. Бұның өзін кемшілік ретінде қарастыру өте қиын. Себебі қазіргі заманда интернеттің болмауы өте сирек кездеседі және кейбір аудандарға ғана. Ал басқа жердің барлығында барынша қолжетімді. Енді қолданушылар өзінің заттарын қалай хабарландыруға береді? Хабарландыру беру үшін кез-келген қолданушы сайтқа міндетті түрде тіркеліп, өзі туралы қысқаша ақпарат енгізуі керек. Бұл әрекет барлық қолданушылардың қауіпсіздігі үшін және әр қолданушы өзінің жеке кабинетіне кіру үшін және өзінің хабарландыруларын көру үшін жасалады. Ары қарай қолданушы өзінің тауарының тақырыбын көрсетіп, тауары жайлы қысқаша сипаттама беріп, категориясын таңдап, фотосуреттерді қосып және бағасын көрсету арқылы хабарландыру береді. Фотосуреті бар тауарлар өзіне көп назар аударатындығын және сатылу ықтималдылығының жоғары екендігін айта кету керек. Себебі сатып алушы адам ең алдымен тауардың түрін көргісі келеді. Сондықтан да хабарландыру беру сайттарында әрдайым хабарландыруды суретпен берген жөн. Айта кететін жайт, жоғарыда айтып өткен сайттар (kolesa.kz, krisha.kz, olx.kz, market.kz) және менің жасап жатқан веб-сайтымда хабарландыру беру тегін болып табылады. Алайда, егер хабарландыру беруші адам немесе жеке компания өзінің тауарының тезірек сатылып кеткенін қаласа, сайтта хабарландыруды ерекшелеу немесе жоғарыға көтеру секілді қызметтері бар және ақылы түрде. Дегенмен бұл қызметтер қолданушыны осы қызметтермен қолдануды міндеттемейді. Баяғы заманмен салыстыратын болсақ, бұл жерде сайттын артықшылығын және ыңғайлылығын тағыда байқауға болады. Себебі баяғыда хабарландыру беру газет арқылы жүзеге асатын болған және ол қызмет ақылы түрде болатын. Және ақылы болсада басқа амалы болмағандықтан сол үшін адамдар уақыттарын құртып, хабарландыру беру орталықтарына барған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *