Веб-сайт туралы түсінік




Осы заманда ақпараттық технологиялардың өркендеуіне байланысты мыңдаған сервистер енгізілуде.
Цифрлық технологияға дейінгі уақытта ақпарат алмасу немесе хабарлау қазіргі жағдайдан әлдеқайда қолайсыз болды. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты бүгінгі таңда ақпарат тарату немесе хабарландыру жарықтың жылдамдығымен бірдей десек те болады. Себебі қазір ғаламтордың арқасында желіде web-сайттар мен сервистердің саны жетерлік.
Кез-келген жерде, көшеде немесе жұмыс орнында, теледидар және радиодан сайт деген сөзді өте жиі естіп жатамыз. Бірақ шын мәнісінде оның не екені біреуге мәлім біреуге жоқ. Сондықтан да сол сөздің түпкірінде не жатқанын түсіндіріп, тоқталып кетуді жөн көріп отырмын. Сайт – қарапайым тілмен айтқанда ғаламдық паутинада орналасқан жай ғана парақша. Дегенмен, сол парақша бізге қалай көрінеді немесе қалай беріледі ол қарапайым қолданушыларғы әрине беймәлім. Сайтқа кіру үшін пайдаланушылар әдетте веббраузер деген атауға ие арнайы программалар қолданады. Олар: Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Safari және т.б. Белгілі бір бетті көру үшін сол программа ішіндегі жолға адресті енгіземіз және браузер бізге сұрап тұрған бетті көрсетеді. Браузер біз адресті енгізген бетте ол адресті Интернеттің көмегімен басқа біз сұрап жатқан файлдар орналасқан арнайы компьютерге (веб
— сервер) сұрау жібереді. Веб-сервер – интернетке тұрақты түрде қосулы тұрған, сұрауларға арнайы ыңғайланған компьютерлер. Кейбір үлкен компаниялар өздерінің жеке веб-серверін пайдаланады. Ал қалғандары белгілі бір ақшаға хостинг компанияларға жүгінеді. Біздің жасаған сайттарымыз сол компаниялардың серверінде орналасады. Және ол серверлердің жылдамдағы, жадысы өте маңызды. Себебі сайтқа қолданушылар телефоннан, компьютерден, планшеттен кіреді. Ал олардың әрқайсысында жылдамдықтары әртүрлі. Айта кететін жайт, сайт орналасқан сервер әлемнің кез-келген жерінде болуы мүмкін. Оның орналасқан жерін анықтау үшін браузер міндетті түрде DNS-серверге (Domain name system) жүгінеді.
Интернетке қосылу провайдер арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сайтқа кіру үшін сілтеме жолына сайттың атын енгізу керек. Мысалы, www.google.kz. Содан соң компьютер DNS-серверден тұратын желіге қосылып, IP-адресті анықтайды. IP-адрес 12 саннан аспайтын, нүкте арқылы ажыратылған 4 бөліктен тұрады. Кез-келген желіге қосылған құрылғының өзінің жеке IPадресі болады. Жалпы веб-сайт ғаламтор паутинасында осылай жұмыс істейді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *