ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Ормолдаева М.А., Байгунова Д.М., Төлеуов Е.С.
аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
магистр, аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Түйін: Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы іспеттес. Қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін одан әрі зерттеуге, ұлттық құндылықтарды тереңінен танып білуге даңғыл жол ашқан мақалада қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары туралы айтылады. Мақалада қазақтың қонақжайлық, асар, ерулік, қарулық, қалжа, шілдехана, беташар т.б. салт-дәстүр, той-мерекелері, ұлттық ойындары туралы жан-жақты мәліметтер беріліп, бүгінгі күні қолданыстағы формаларының өзгеріске ұшырауы, жаңашылдығы жайлы айтылады. Тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту, Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу — келер ұрпақтың үлесінде. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.
Кілттік сөздер: рухани жаңғыру, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өркениет, ұлттық ойындар

Қазақ — көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт — береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз»
Елбасымыз Н. Назарбаевтың әрбір бастамасы әрдайым дүйім елдің дүр сілкіндіретіні көпшілікке аян. Кеше ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты ұлт тарихын дәріптеп, тарихи жәдігерлерді насихаттауға шақырған мақаласыда алты алаштың рухын көтеріп, халықтың көңіл-пернесін дөп басқан бастама болды. Мақаладағы қадауқадау көтерілген мәселелер ұлт көшбасшысының өткен жылы жарық көрген имандылыққа, ұлттық бірегейлік пен тұтастық мәселелерін сөз еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы іспеттес. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін одан әрі зерттеуге, ұлттық құндылықтарды тереңінен танып білуге даңғыл жол ашты. Бұл туындыны оқи отырып біздер, осынау ұлан байтақ жерімізді мекендеп, ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығы мен даналарымыздың түптамырымызды білуге, дәстүрлерін дәріптеуге, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туғанын пайымдаймыз.
Қазақстан-ұлан-байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата- қонысында азшылыққа айналуы — қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең — байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата — бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың — халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау — ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» — қазақ халқының негізгі мінез -құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет -ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетсек.
Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет-ғұрыпын айта келсек. «Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» — қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне білдірген разылық болып есептеледі. Мейман күтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сыйлы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.
«Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс -жұрағатттарына жасалған сый- құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма-кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды.
«Үме» яки «Асар». Қазақ арасында ертеден келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетеді. Қауырт күш жұмсауды талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй-жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және т.б. істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара көмектің бір түрі, яғни еруге – қару жолмен алма- кезек болып отырады. Бұл «асарға» ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр қалады. «Үме» яки «Асар» қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып дәстүрде мәңгі қалады. «Жылу жәрдем». Қазақ арасында өзара көмектің осы бір түрі тым ерте кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан әдет – ғұрыптарға жатады. Бұл әдет-ғұрып бойынша: табиғи апатқа-жұтқа, өртке, селге т.б. да дүлей күш кесіріне кенеттен кездесіп, мал -мүлкінен, баспанасынан айрылып, күн көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу-жәрдем сұрайды. Бұған ағайын-туған-туыстары мен руластары түгел көмектесіп, жылу-жәрдем жинап береді, одан ешкім де бас тартпайды. Бұл «жұртшылық жәрдемі» деп аталады.
Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған жетім – жесірлерді және қарайтын адамы жоқ, салт ба қарттар мен мүгедектерге ағайын туғандары яки руластары асырап, бағып-қағуға міндетті болған. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында қайыршылардың болмауына игі әсер етіп отырды. «Той-мереке, тағы басқа жол-жосындар». Мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі қазақ өмірінде жаздың үш ай жайлауы «өмірдің жаннаты» есептеледі. Гүл-бәйшешекке бөленіп, масатыдай құлпырған жасыл жайлау үсті мал тойынып, ақ молайып, бие байланып, елдің жұмыстан қолы босап сергіген кезі болады. Қыс қысымын көріп келген қазақтар жаз жайлауда жадырап жазылып, барлық той-томалақ, ойын сауық, сән салтанатын осы жайлауда өткізген. Қазақтың «қыс қысыл, жаз жазыл» деген сөзі осы өмірден туған. Қазақтар үшін «той» тек той жасаушы жеке отбасының қуанышы ғана емес, тіпті бір тайпа елдің ортақ мерекесі болып есептеледі. Соның үшін, бір отбасы той жасаса, оның ағайынтуған жұрағаттары, тіпті бүкіл бір тайпа ел түгел аттанысқа келіп, үйлерін апарып тігіп, биелерін байлап, астарын әзірлесіп, қонақ күтіп той жұмысын атқарады. Қазақ өміріндегі ұлылы-кішілі той-томалақ пен ырым-кәделердің түрлері де сан алуан.
Қазақ өмірінің әрбір белесі тойсыз, өлеңсіз өтпейді. Қазақтойлары «тойбастар» жырыменжәнешашуменбасталады. «Қалжа мен шілдеханатойы». Бірбаланыңдүниегекелуі тек сол бала туғанотбасыныңқуанышығанаемес, күлліауылаймақтыңортаққуанышы.
Әсіресеұлбаланыңтууынқазақтарқаттықастерлеп, «ұлтуғанғакүнтуады» дейді. Байырғықазақсалтыбойынша, бала туғанкүнісолотбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағыабысын – ажын, тағыбасқаәйелдержиналып,
«баланыңбауыберікболсын» айтыпқұттықтайды. Ал кешке қыз-боз балажиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлеңайтып «шілдехана» күзетеді, түрліойын – сауықкейдеөткізеді. «Бесік тойы».
Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесіктойы» депаталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек-көншек, тан-моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Атқойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сеніңатың…..» депайтады.
Ұрпақөсіргенүбірлі – шүбірліқадірменәйелбір – екікеліншектіңкөмегіменбесіктжабдықтайды. Сәбидіңәжесі не шешесітүбектіңтесігіненбалаларғатәттібауырсақүлестіреді.
Онан соң әлгі баланы тұңғыш реет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәмтатып, баланыңөміріұзақ, бауыберік, бақыттыболуынтілеп бата беріптарасады. «Баланы атқамінгізу». Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата – аналары баланың алғаш атқа мінуін қуанышетіп, той жасайды. Атқамінетін бала жаңа киім киіп, басынаүкітағып, «ашамай» депаталатынекіқасы «Х» түріндеайшықталыпжасалғанергемініп, туған-туысқандары мен руластарынаралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл — өмілдірік, құйысқан, жырым – шеттік, шыбыртқықамшысияқты ер-тұмандарынбайғазығабереді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам баласына бірден ер – тоқымболады. Қазақ ішінде ат-көлік табу оңай, ер-тұман табу қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өтеді. Қазақтар «ер атымен, құсқанатымен» деп, атты ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінудің алдыңғышарты ертоқым, атқажайдақмінудіжаяушылықтанжаманкөреді. Сондықтан «аттабылады, ер табылмайды» дейді. «Сүндеттойы». Ислам денінің жол-жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жетіжаста сүндеткеотырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақынтуыстары мен жұрағаттарынаралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепешкигізеді, әл-ауқатынасайлақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірінен салып береді.
Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып — әдетке айналған. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір белесін тойлау деп санаған. «Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі». Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі толып жатқан тойтомалақ, ырым-кәделері арқылы болады. Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті салтқа айналған. Ең алдымен қыз айттыратын жақ қыздың ата-анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі. Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі (қоржын) апарады. Осы жолы «өлтірі тойы» өткізіледі. Бұл күні ақ сойылып, ақ бата жасалады. Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түскен келін қайын атасының үйіне енгізіледі. Осы кезде сабына қызыл-жасыл әлем байлаған қамшы ұстаған бір жігіт келіннің бетін ашады. «Беташар» жыры арқылы жаңа түскен келін жиылған жұртқа таныстырылады, келінге ақыл насихат айтылады, әзіл-қалжың араластырып, жұртты күлдіріп отырады, келін ата-енесіне, қайынағаларына сәлем етеді. Үлкен үйдің отына май салады, май құйылған от лап етіп жанғанда, отырғандар; «От-ана, Май ана, жарылқа!» деп сыйынады. Бұл қазақтардың ислам дініне кіруден бұрынғы отқа
табынатын кезінен қалған ырымдардың бірі екені даусыз. «Неке қию» салты осы келін түскен тойда өткізіледі, некені молла қияды.
«Өлең той». Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып өткізілетін «түнгі той». Күйеу жақ «өлең кәде» аталатын тай, құлын тәрізді бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, «өлең той» өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауықсайран жасайды. Өлең тойға қатысушылардың көпшілігі жастар болады. Қазақ өміріндегі той-мерекелерде көптеген ойындар өткізіледі. Бұл ойындардың көпшілігі ашық далада, ат үстінде ойналатын спорттық сипаттағы ойындар. Олар: «Қыз қуар», «Көкпар тарту», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Ат шаптыру», «Ат қарғыту», «Жорға салу», «Аударыспақ ойнау», т.б. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. ҚР Президентінің аталған мақаладағы ең басты көңіл бөлген мәселесі – тарихи сананы жаңғырту. Мемлекет басшысы оны бірнеше ірі жобалар арқылы бастау қажет деп есептейді. Ол жобаларды төмендегіше көрсетіп берген: Архив – 2025; Ұлы даланың ұлы есімдері; Түркі әлемінің генезисі; Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі; Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; Тарихтың, кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
Бұл аталған жобалар біздің еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Сондай-ақ ол Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылып, бүгінгі күні кезегімен, ретімен жүзеге асырылып жатқан руханият саласындағы игі істеріміздің де жалғасы. Осы бағдарламалар жүзеге асқан уақытта Түркі жұртшылығының, түркі өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін сезінеді, біздің Ұлы тұлғалар шоғырын басқа елдер мен өңірлердің халқы да білетін болады. Бұл біздің жас ұрпаққа білімді дәріптеуге, ұлан-байтақ елімізде туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасайды. Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы олардың руханиятын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қалыптастырып, ұлттық кодын сақтауға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысының бұл мақаласы ұлтымыздың өз рухани құндылықтарын құрметтеуге, сыйлауға, аялауға және танып-білуге бастама болатын бағдарлама деп түсінгеніміз жөн.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұрғанын шәкірттеріміз әрқашанда ұмытпайды деп білеміз. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу — келер ұрпақтың үлесінде.
Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа да жол-жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н. Тарихтолқынында. Алматы: Атамұра, 2003, 288 б.
2. Назарбаев Н. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы.21 қараша 2018.
3. Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы: Қайнар, 2005, 215б.
4. Бегманов Қ. Халқы мықтының – салты мықты: / этнографиялық сыр-сұхбат. Алматы:
«Өлке», 2010, 480 б
5. Қалиев С., Оразаев М., Смайлова С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан,1994, 210 б.

Аннотация: Статья главы государства «Семь граней Великой степи» является продолжением статьи «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». Статья об истории и традициях Казахстана, глубоких знаниях национальных ценностей, рассказывает о многовековом опыте казахского народа, его познавательном наследии и мировоззрении, традициях, традициях и национальных играх. В статье представлены казахский хоспис, танец, приманка, призрак, весёлый, дублин, бетасар и другие. обычаи и традиции, праздники, национальные игры, и в наши дни существующие формы подвержены изменениям и новизне. Сохранение и дальнейшее сохранение исторических и духовных сокровищ, память о достижениях цивилизации Великих степей — это будущие поколения. Казахское название «казах» до сих пор поражает казахские обычаи, традиции, праздники и многое другое. Именно в руках будущих поколений, которые ценят благородное наследие, оставленное нашими предками, возрождают и возрождают утраченное.

Abstract: The head of state’s article “The Seven Facets of the Great Steppe” is a continuation of the article “Looking into the Future: Modernization of Public Consciousness”. An article about the history and traditions of Kazakhstan, in-depth knowledge of national values, tells about the centuries-old experience of the Kazakh people, their educational heritage and worldview, traditions, traditions and national games. The article presents the Kazakh hospice, dance, bait, ghost, funny, dublin, betasar and others. customs and traditions, holidays, national games, and in our days, existing forms are subject to change and novelty. Preservation and further preservation of historical and spiritual treasures, the memory of the achievements of the civilization of the Great Steppes are future generations. The Kazakh name «Kazakh» still amazes Kazakh customs, traditions, holidays and much more. It is in the hands of future generations who value the noble heritage left by our ancestors, revive and revive the lost.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *