
Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860ж.ж.) — казак халқының аспапты музыкасында коңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындык болған ұлы күйші. Тэтгімбет домбырада оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау, косак бұрау (тел бұрау) күйлерін шығарған. Домбыраны алуан түрлі кұлак күйіне келтіріп тарту жалпы күй өнері жан- жақты дамып, әуендік тілінің толысуына себепші болған. Әр түрлі бұраудағы күйлер домбыраны тартудың толып жатқан түрлері мен тәсілдерін калыптастырған. Күйлері: «Азына», «Ак бас бура», «Балбырауын», «Балкан тау», «Бес төре», «Боз торгай», «Былкылдак», «Желкара», «Жібек жал», «Ерке атан», «Ерке бүлан», «Қара жорға», «Қашкан қалмак», «Кенжетай»,
«Қорамжан», «Қосбасар» (төрт түрі бар), «Қоянды», «Көкейкесті», «Көш жанаған», «Манабай», «Майда сары», «Саржайлау», «Сары камыс», «Сары атан», «Сары өзен»,
«Сүлама», «Суыктөбе», «Сүлу ағаш», «Сылкылдак», «Тепеңкөк» т.б.