Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісүлы (1804ж. Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі
Батыс Қазакстан облысы, Жәнібек ауданы, Нарын құмының
Жанқұс жерінде дүниеге келіп, 1846ж. 20-шы қазанда Қараой еңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүние салған) — казақтың әйгілі акыны, күйші композиторы, отаршылдыкка қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет күйлері адуын мінезімен, аскак сезімімен дараланады. Күйлері: «Ақжелең», «Жайык асу», «Жорық», «Жұмыр қылыш», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Қайран нарын», «Қиыл кырғыны», «Нарын», «Өкініш», «Тарлан»,
«Шілтерлі терезе» т.б.
Дәулеткерей Ш ығайұлы (1814-1887ж.ж.) — композитор, күйші. Дәулеткерей адамның рухани дамуына аса көңіл бөлген жэне бұл бағыттағы өз көзқарасын қорғаған. Ол көп саяхат жасап, өнер, рухани саладағы адамдармен кездесіп, жай халыктың тұрмысы мен өмірін зерттеген. Композитор өміріндегі аса елеулі оқиғаның бірі — ұлы күйші Құрманғазымен кездесуі. Дәулеткерей творчествосына Құрманғазыдан басқа Соқыр Есжан,
Байжұма, Мүсірэлі сияқты күйшілердің ықпалы болған. Осындай ұлы адамдар арасында оның азаматтық көзкарасының қалыптасып, шығармашылығы дамыды. Дәулеткерей шығармалары алдыңғы катарлы коғамдык көзкарастарды, өмір философиясын, уакыт лирикасын, халық тарихын көрсетеді. Дәулеткерейдің күйлері-«Ақбала кыз», «Ат калған», «Байжұма»,
«Жігер», «Қүдаша» жэне т.б. қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына косылды. Шығайүлы Дэулеткерей тере күйлерінің
дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Күйлері: «Ақбала қыз», «Ат қалған», «Байжұма», «Бапас күй», «Бұлбұл» (екі нұскасы бар), «Ващенко», «Желдірме», «Жігер» (үш нұсқасы бар), «Жұмабике», «Керілме», «Көркем ханым», «Көроғлы», «Қарақожа», «Қосалка» (үш нұскасы бар), «Құдаша», «Қоңыр» (екі нұскасы бар), «Қыз Ақжелең» (үш нұсқасы бар), «Қос ішек», «Мүнды қыз», «Нар иген», «Салык өлген», «Тартыс», «Топан» (екі нұскасы бар), «Тұндырма», «Ысқырма» (екі нұсқасы бар) т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *