
Милық шабуыл ( брейнсторм)
Мақсаты: шығармашылық белсенділіктің негізінде проблеманы шешудің оперативті әдісі, онда пікірталасқа қатысушылар мүмкіндігінше көптеген шешімдерді ұсынады, оның ішінде фантастикалық шешімдерді де.
Ұсынылатын әдебиет: И.Калайтанова, Сабақтағы милық шабуыл: әдіс сипаттамасы, мысалдар.
http://pedsovet.su/publ/205-1-0-5763
Жүргізу алгоритмі: Милық шабуыл 3 міндетті кезеңді қамтиды. Кезеңдер ұйымдастырылуымен және өткізу ережелерімен ерекшеленеді:
1. Мәселенің қойылуы. Мәселе нақты анықталуы керек. Шабуылға қатысушылар іріктеліп, ролі анықталады.
2. Идеялар генерациясы. Сондықтан осы кезеңдегі ережелерді сақтау аса маңызды. Идеялар саны шектеусіз. Сынға және кез-келген идеяны бағалауға тыйым салынған. Ерекше, тіпті абсурдтық идеялар да құпталады. Кез-келген идеяны біріктіріп, жақсарыңыз.
3. Топтастыру, іріктеу және идеяны бағалау. Бұл кезеңде, екіншіден айырмашылығы бағалауға шектеу қойылмайды, керісінше мақұлданады. Идеяларды талдау және бағалау әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл кезеңнің жетістігі қатысушыларға идеяларды таңдау мен бағалау критерийлерін «тең дәрежеде» қалай түсінетініне байланысты.