
Алғыс, тілек сөздер
1. [ТІЛЕГІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН…]
1. Тілегіңіз қабыл болсын, Жүрегіңіз жалын болсын!
2. Келісім келте болмасын, Сөзің жалтақ болмасын!
3. Жылың құтты болсын, Өмірлерің мықты болсын!
4. Аспандарың ашық,
Жұлдыздарың жарық болсын.
Абыройларыңыз асқар таудай болсын!
5. Көш көлікті болсын, Мал төлді болсын!
6. Айың оңыңнан тусын, Жұлдызың солыңнан тусын!
7. Талабың таудай боп, Өмірің өрге өрлей берсін!
8. Өмірің өрісті болып, Ұрпағың молая берсін!
9. Сырбаздығыңа сызат түспесін, Адал көңіліңе қаяу түспесін!
10. Ата-ананың ақ батасын аттаған бала оңбасын, Ата-ананың ақ тілегі тозбасын!
11. Жақсылық әр кез шыңнан аса берсін, Жамандық әр кез шандақта қала берсін!
12. Шаңырағыңа шаң түспесін, Көңіліңіе кірбің түспесін!
13. Өзің де, өнерің де ғұмырлы болсын!
14. Еліңе сүйеу бол,
Жұбайыңа да сүйеу бол!
15. Айдай ашық, күндей ыссы бол!
16. Күйің қаймақтай бал татысын, Жырың жүректен жалын боп атылсын!
17. Қартайсаң да сөзден жаңылма, Ақылдан алжаспай өт!
18. Қайғыңды әзілге жеңдір, Зілді сөзге жеңдір!
19. Қазаның оттан түспейтін,
Есігің жабылмайтын,
Дастарқаның әсте жиылмайтын,
Құт-береке дарыған, базарлы, ажарлы үй болсын, Мұны көре алмағандар күл болсын!
20. Күңіренген ене болмасын, Безірейген келін болмасын!
21. Анаңды гүлдестедей құшақта, Әжеңді нәрестедей құшақта!
22. Қайғыға болаттай берік, Жездей төзімді бол!
АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР 329
23. Именшек келін бол,
Еліңе елеулі,
Халқыңа қалаулы,
Үйге құт-береке әкелген келін бол!
24. Жақсымыз жадымызда жүрсін, Жаманшылық шаңымызда жүрсін!
25. Астыр-тастыр, Жақсымен жанастыр, Жаманды адастыр!
26. Аузыңнан ақ кетпесін, Басыңнан бақ кетпесін!
27. Бала мен келін мықты болсын, Жыл құрғатпай жүкті болсын!
28. Азасыздан сақ бол, Азалыға жақ бол!
29. Ошақ басының оты сөнбесін!
30. Айқасқан құшақ жазылмасын, Табысқан жүрек басылмасын!
31. Қадірің қашып шашылмасын, Қуатың қайтып басылмасын.
32. Тас жүрек емес, ақ жүрек бол, Қабақты емес, сабақты бол!
33. Ұлы ұядан ұшсын, Бірақ тұғырың ұмытпасын.
Қызың қияға ұшсын,
Бірақ құтты жерін ұмытпасын!
34. Тілеуімді берсін,
Айтқаным келсін!
35. Той тойға ұлассын,
Бақыт балаға ұлассын!
36. Ел танитын, елге мейірімің түсетін азамат болып өс.
37. Ел билейтін ер бол, Өрісіңді өрт шалмасын, Жүрегіңді дерт шалмасын.
2. [ХАЛҚЫҢА ҚАЛАУЛЫ…]
38. Халқыңа қалаулы,
Еліңе елеулі азамат бол.
39. Қолың бесіктен кетпесін, Етегің доңғақтан кетпесін!
40. Еңкейгенде етегің толсын, Шалқайғанда шалғайың толсын!
41. Келін еңкейгенде егіз ұл, Секіргенде сегіз қыз тапсын!
42. Бейбітшілік ақыр-ақырына дейін кете берсін, Адамгершілік ұрпақтарға жете берсін!
43. Құлағыңыз суық сөз естмесін, Көзіңіз жаманшылық көрмесін!
44. Ауылыңның таңы бол, Маңдайдағы бағы бол!
45. Бағың жемісті болсын, Далаң егісті болсын!
46. Ырысты, тірлікті, ауызбірлікті өмір берсін!
47. Дәмді асың ел аузынан кетпесін,
Жақсы ісің баспасөзден түспесін!
АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР 331
48. Үйіңізден құт-береке таймасын, Ауызыңнан киелі сөз аумасын.
49. Берген батам құт боп қонсын, Бүл боп жансын.
50. Балаң азамат боп өссін,
Мінгені пырақ болсын, Көргені шырақ болсын!
51. Көшің көлікті болсын, Жайылымың өрісті болсын.
52. Егінің орымды, Астығың төгімді болсын!
53. Күнің шуақты болсын, Махаббатың тұрақты болсын!
54. Өнерің өрлей берсін, Бақытың төрлей берсін!
55. Еңсең жауыңнан түспесін, Жақсы атың ауыздан түспесін!
56. Дастарқаныңда береке, Үйіңде мереке бола берсін!
57. Ойға терең бол, Өсекке керең бол!
58. Дастарқаның қуатты болсын, Өзенің суатты болсын.
59. Жылың жеміске толсын, Өмірің бақытқа толсын!
60. Көңіліңіз көңілді,
Еңбегіңіз өнімді болсын!
61. Ойың орамды, Сөзің шұрайлы болсын!
62. Өркенің өссін, қарағым, дегеніңе жет, Көп жаса, көсегең көгерсін!
63. Бақытты бол,
Қосағыңмен қоса ағар!
64. Еш жамандық көрмей өт!
3. [ЖАҢА ЖЫЛЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН…]
65. Жаңа жылың құтты болсын, Келін жүкті болсын!
66. Аспаның ашық, Жұлдызың жарық болсын!
67. Тілегің қабыл, Жүрегің жалын болсын!
68. Үйіңнен қонақ кетпесін, Қазаның оттан түспесін. Адам көңілі қартаймасын, Дастарқаның ортаймасын!