
БЕКБАЙ САРЫНЫ
—Ал періңмін, періңмін, Періленген серіңмін.
Қалың бір Әйтек ішінде Аз ауыл Бекең болсам да, Таңдап бір қонған жеріңмін. Өзін бір деген кісіге Өзегімді беремін.
Егескен жауым кез болса,
Ауызы бір қанды
Қой жейтұғын бөріңмін! Кекіліктей жорғалап,
Қара бір қаным сорғалап,
Алладан әмір келгенде, Өстіп бір жүріп, Мен бейбақ өлермін!