ЖАМАН САРТ САРЫНЫ

ЖАМАН САРТ САРЫНЫ
—Болат бір пышақ жанға қас, Қып-қызыл талға қонса, Ер жалғыз үй қонбайды.
Жүр ме едің әлі күнге мені білмей,
Сазаңды енді сенің тарттырайын,
Тұрсаң да сен,
«Не қылады» деп күлімсірей.
Ей, шайтандар, шайтандар, Мынау өкпені алыңыздар, Осымен барыңыздар!
Бұл қатынды өлтірме, Қатыны мұның біреу-ақ. Өзеленіп қоймайсың, Жалғыз көзді сен бейбақ!
Тілімді менің алмайсың,
Мекенге жылдам бармасаң,
Ізіңе сенің түсер-ақ, Атадан қалған көп аруақ.
Жылдамырақ мұнан кетпесең,
Көзімнен менің зытпасаң,
Үйтермін сенің шашыңды, Кесермін, залым, басыңды!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *