Ж.Қ.Орынтаев –
заң ғылымдарының кандидаты, доцент,
Халықаралық қатынастар жəне құқықтану факультетінің азаматттық құқық жəне азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі,
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ƏДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕР ДАУЫН ШЕШУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Əдет-ғұрып құқығы нормалары бойынша жер даулары атақты адамдардың немесе ақсүйектердің пайдасына шешіліп отырды. «Ол нормаларға байланысты бір жерге бір мезгілде көшіп келген ру басылары арасында дау туса: егер олардың біреуі сұлтан, екіншісі жай адам болса, онда даулы жер сұлтанға берілді; егер бір тұлға би, ал екіншісі руға танымал ақсақал болса, жер екіншісіне берілді; егер бір жағы би, екіншісі жай адам болса онда бидің пайдасына шешілді, ал егерде даулаушылардың екеуі де жай адамдар болса, онда қайсысының жасы үлкен соның пайдасына шешілді».
XVІІ ғасырдың ортасынан XVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ хандығында ішкі жəне сыртқы саяси жағдай дағдарыста болды.
XVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының тағдырында аса күрделі бетбұрыс оқиғалар орын алды. Біртұтас қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді. Бытыраңқы мемлекетке жоңғарлар шапқыншылық жасап, қазақ халқының жарымына жуығы қырылды.
Ресеймен арада болған сауда қатынастары жабық көшпелі қатынастарды өзгертті, оларды тауар-ақша қатынастарына тартты; алдыңғы қатарлы экономиканың əсерінен жер өңдеу, шөп шабу шаруашылықтары дами бастады. Қазақстанның саяси құрылымында да бірқатар өзгерістер болды. ХVІІІ ғасырда Кіші жүзде хандар патша үкіметі билігінің келісімімен сайлана бастады, ал ХІХ ғасырдың басында Кіші жүзбен Орта жүзде хан билігі жойылды [3. 145 б].
Бірақ ХVІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық өмірінде айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының экономикалық нəтижелері ХІХ ғасырдың екінші жартысында жəне ХХ ғасырдың басында айқындала бастады.
Қазақстанның жер қатынастарын толығырақ ашуда қазақтың əдет-ғұрып нормаларының материалдары үлкен орын алады. Ол нормалар қоғамдағы жоғарғы үстем тап өкілдерінің құқықтық көзқарастарын көрсетеді. Оларда қоғамдағы үстем таптың рөлі берік орныққан жəне қоғамдық қатынастарды реттеудегі олардың алатын орны жақсы баяндалады. Қазақтардың қоғамдық құрылысына, соның ішінде құқықтық өміріне патша үкіметі қызығушылық таныта бастады. Себебі, Қазақстанды өз қоғамдасына айналдыру маңызды еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереженің» бекітілуінен (1844 жылы 14 шілдеде) Орынбор губерниясында қазақтың əдетғұрып құқығы бойынша материал жинау тапсырылды.
Қазақтың əдет-ғұрып құқығы бойынша жиналған материалдары қазақтың қоғамдық өмірі туралы сұрақтарды зерттеу үшін қажетті материалдар болып табылады.
Бұл қаралған кезеңдерде хандар мен сұлтандар жерге феодалдық меншік
құқығының басты иелері болып саналды. Ірі феодалдық жер иеліктерінде жерді бөлу солардың қолында болды. Қазақ феодалдық қоғамының басындағылар ұлыстарды басқара отырып, өздеріне қарасты рулардағы жер қатынастарын реттеді. Қазақ феодалдары, орыс деректемелерінде жер иелері ретінде танылды.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жайылымдарды бөлудегі хандар мен сұлтандардың билігі ХVІІІ ғасырда жəне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін сақталып отырды. Мысалы, И.И.Крафтың айтуынша, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысының басында Абылай сұлтан тек өзіне тиесілі руды ғана басқарды [5. 78-79 бб]. Ол бүкіл орданың ханы болған кезде жағдай күрт өзгерді. Оның билігіне бүкіл орта Жүз сұлтандарының иеліктері кіре бастады. Қазақ дағдарысындағы жер қатынастарын реттеудегі ханның билігі туралы мысалды Тəуке ханның əрекеттерінен көруге болады. Тəуке хан өз бетінше «Рулар арасындағы жерлерді белгілеп, оларды пайдаланудың тəртібін бекітті». Əр орданы басқаратын басшыларды сайлады. Ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге Қазыбекті жəне Кіші жүзге Айтықты. Олар өз иелегіндегі жерлерді бөлу қажет болған жағдайларда жерді пайдалану тəртіптерін қарап отырды.
Қазақтың хандары мен сұлтандарында жеке меншіктегі жер көп болғандығын дəлелдейтін деректер жеткілікті.
Абылай сұлтанның өзінің көшпелі ауылдары болғандығы жөнінде əдебиетте деректер бар. Мысалы, Абылайдың патша əкімшілігімен алысқан хаттарында өз иеліктерін «Менің жерлерім» деп көрсетеді. Абылайдың ұлы Уəли сұлтан 1780 жылы 24 шілдеде Ұлы Петр қамалының коменданты Сумароковқа жазған хатында: «Абылай хан үйінің қыстауы Көкшетау тауларының бойында орналасқан», – деп жазды.
Хандар мен сұлтандардың өз меншіктерінде көшпелі жерлер болғандығын дəлелдейтін факті ретінде, көптеген шұрайлы жерлердің аттары олардың иелерінің атымен аталғандығынан да көруге болады. Мысалы, Көшен Туған (Шоқан Уəлихановтың бейіті орналасқан жер), жердің меншік иесінің атына байланысты Ералы Көшен деп аталады.
Ірі феодалдық жер иеліктері туралы деректер ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жақсы байқалған. Бұл кезеңдегі ханмен сұлтандардың жер иеліктері дамыған жер қатынастары нысанындағы мұрагерлік феодалдық жерлер ретінде кездеседі. Бөкей ордасында да осындай кең дамыған феодалдық жер қатынастары кездеседі. Бұл орданың ханы Жəңгір өзіне жақын адамдармен бірге отырып, халыққа саяси үстемдікпен қоса жерге иелікті өз қолына алды. Өз хандығы жерінде ол тек саяси билікке территориясындағы барлық жер бөліктеріне, оның өзі 7 млн. десятинадан астам жерлерге жалғыз өзі билік жүргізді. 1830-1845 жылдар арасында жер бөліктеріне иелік беретін 1517 құжат таратып берді. Соның салдарынан 7 млн. десятина жердің 400570 мың десятинасы Бөкей ордасындағы 20 шақты семьяға таратылды, ал қалған ондаған мың шаруалар үлесіне 2,5 млн. десятина жер тиді [3. 145 б].
Феодалдар тобының қорына ірі жер меншіктерінің шоғырлануы орда жерлерін Жəңгір ханның өзі билегендігінің нəтижесі еді.
Өзіне сый көрсеткен жəне өзін мойындаған адамдарға үлкен жер бөліктерін беріп отырды, дəл осындай жеке басының шешімімен өзіне жақпай қалғандардан жерді алып қойып отырды. Жерді беру жəне оны алуды хан жазбаша бұйрық беру арқылы жүзеге асырды.
Жəңгір ханның жазбаша бұйрығы көшпенділерге жер бөліктерін пайдалануға құқық берді жəне шаруашылықта кең пайдалану үшінде құқықтық негіз болды, сонымен қатар басқа да көшпенділермен арада туындайтын дау-таластан қорғау үшін де негіз болды.
Осындай деректерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, жайылым жерлерге меншік екі негізгі бөліктен тұрады: а) ханның жеке жерлері, б) сұлтандар мен ру басыларына берілген жерлер. Ханның жайылым жерлерінің көлемі 400 мың десятинаға дейін болды, ал ордадағы əр шаңыраққа орта есеппен 176 десятина жер тиіп отырды, оның өзі өмір сүруге қиын, құмдауыт жерлерді қоса есептегенде.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Бөкей ордасында қалыптасқан жер қатынастары туралы жазбаша деректемелер мен архивтік материалдарды зерттеу сол кездегі жер қатынастарын феодалдық қоғамдық қатынастар деп есептеуге мүмкіндік береді. Жер иелену өзінің нысаны жағынан да, мазмұны жағынан да отырықшы елдердегідей өңделмелі жер ретінде емес, жайылымды жер ретінде пайдалану обьектісі болып табылады.
Бұған дейін феодалдық биліктің басындағы хандар мен сұлтандар туралы айтсақ, ендігі жерде ру басшыларының қоғамдық жағдайы туралы айтамыз.
Ру басыларының құрамында басты орынды билер алды, орыс деректерінде олар «старшындар» деп аталды. Бұл топқа тархандар, байлар мен батырлар жатқызылды.
Билер тек рулардағы емес, сонымен қатар бүкіл феодалдық қоғамдағы ең көп топты құрады. Уəли Абылайханов сұлтандығының иелігіне барған патша əкімшілігі өкілінің баяндамасына сай қазақ феодалдығының басында əр сұлтанға 100 биден келеді деп көрсетілген.
Бұл кезеңдерде хан мен сұлтандардың мүдделеріне қарсы ру басылары өкілдерінің əсері күшейе түскен еді. Қазақстанның феодалдық ұсақталуының себебінен жəне хандар мен сұлтандардың билігін бөліп алуға тырысқан билердің əрекеті салдарынан хан-сұлтандардың билігі едəуір төмендеді.
Сонымен хан мен сұлтандардың бұрынғы саяси мүмкіндігі кеміп, қазақ қоғамы өмірінде билердің маңызы мен салмағы арта түсті.
Жоғарыда айтылғандардан, біз ауыл шаруашылығы жəне қауымдардағы жер пайдалануды реттеу мүмкіндіктері кімдердің қолында болғанын айқын көре аламыз.
Қазақ хандары жердің меншік иесі ретінде саналып, өз хандықтары шегінде жайылым жерлерді анықтап отырды жəне ірі жер иеліктерінің шектерін анықтады.
Кейбір жер иеліктерінің ішіндегі көшу жолдарын анықтау сұлтандар мен билер тобының қолында болды. Ауыл қауымдастықтарының көшу жолдарын билер мен старшындар шешті немесе кеңестер мен съездерде шешіп отырды.
Бұл деректер қазақтардың көшіпқонуының əдет-ғұрып құқықтық нормалармен реттеу жағдайында дамығандығын көрсетеді.
Көшпелі қазақ ауылдары үшін жердің рөлінің үлкенділігі қазақ халық мақалмəтелдерінде анық көрсетілген. Қазақтар былай дейді: «Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер». Мұнда бірінші кезекте еңбек қойылады, еңбек арқылы адамдардың жерді игеруі туралы айтылады. Келесі бір қанатты тіркесте «Жері байдың, елі бай» делінген, мұнда да алғашқы жағдайдағыдай, көшпелілердің экономикалық тұрмыс деңгейі жайылымның құнарымен байланыстырылады.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Валиханов Ч.В. Ногай//Собрание сочинений: В 5 т. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – Т.1. — 777 с.
2.История государства и права Казахской ССР: Учебное пособие для юрид. фак-тов вузов/Л.В. Дюков, А.Н. Таукелев, Г.С. Сапаргалиев, К.А. Жиренчин. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Ч.1. — 182 с.
3.Материалы по казахскому обычному праву: Сборник / Сост.: Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич,
Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. — 464 с.
4.Еренов А.Е. Очерки феодальных земельных отношений у казахов. – Алма-Ата: АН КазССР,
- -158 с.
5.Зиманов С.З. Общественный строй казахов в первой половине ХІХ века. – Алма-Ата: АН КазССР, 1958. — 296 с.
Резюме
В статье рассматривается роль и значение проблемы провавых-земельных отношения, которое присутсвовала с древних времен, и для казахов земля является самым ценным которое нам будущем оставленно нашими предками.
Summary
The article considers the role and importance of problem law earth at titude which be present ancient time and for Kazakh earth appeak the very evaluable who us in the future leave ours ancestor.