ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАРЫ – ТƏРБИЕ ТҰҒЫРЫ

Қ.М.Омаров –                                                                педагогика ғылымдарының кандидаты,

                                                                                     Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

«Туризм»  кафедрасының меңгерушісі

ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАРЫ – ТƏРБИЕ ТҰҒЫРЫ

 

 
   


Исі қазақ жұртына етене енген қазақтың ұлттық ойындарының  тəрбиелілік мүмкіншіліктері, ғасырлар бұрын бастау алып, осы  күнге  дейін  жеткен жағдайы бар. Əр кезеңде қазақ ұлттың ойындары өз ерекшелігімен  сипатталады. Сондайақ, олардың өмір сүрген географиялық ортасы мен əлеуметтік жағдайы да ұлтық ойындарынан көрініс береді. Əсіресе, Европа халықтары басқа əлеуметтік ортаға қарағанда, өркениетке ерте өткендіктен ұлттық негіздің алғашқы туындылары, өзінің əуелгі қажеттігін өтеуге  дəрменсіз болып қалады. Соның салдарынан ұзақ ғасырларға созылған елеусіздік, олардың көпшілігінің ұмыт болуына əкеп соқтырды. Олардың ішінде тек спорттық ойындар ғана ескірмей жаңа мазмұнға ие болып, бүгінде дүниежүзі халықтарына ортақтасып, ұштасып келеді. Соның өзінде де олардың жастарға берер үлгіөнегесі, тəрбиесі бір де толастаған емес, əлі де  өз  дегенін  орындайды.

Қазақ халқының ұлттық ойынына келсек, оның мəн-мағынасы ерекше бөлек. Жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдарының аяғы мен 40-шы жылдарында ол əлі де өзінің алғашқы маңызын жоймаған қалпында болды.  50-ші жылдардан бастап ауылда  да,  қалада да ірі өзгерістер пайда болды. Алдымен, колхоздарды ірілендіру науқаны жүргізіліп, артынан олардың көбі совхоздарға айналдырылды. Тың жəне тыңайған жерлерді

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

 

игеру  миллиондаған басқа жұрттың қазақ жеріне қоныс аударуы, Орталықтан жүргізген орыстандыру саясаты қазақ халқын өз мекенінде азшылыққа айналдырды. Халақ өзінің тілдік тұтас кеңістігінен ғана айырылып қоймай, соның нəтижесінде əдет-ғұрыпынан, салт-санасынан, қалыптасқан дəстүрінен, ұлттық тұтастығынан да қол үзе бастады. Бұның  негізгі  себептерінің  бірі  – республикамыздағы  қалыптасқан  тарихи дəстүрдің бұзылуы жергілікті халықтың өзара іштей араласуының  күрт өсуі, бұрынғы дəстүрлі ортамен кеңістіктің өзара байланысының  бұзылуы, қалалар мен аумақты елді мекендердің, өндіріс орындарының  көптеп пайда болуы, өркениетті өмір ағысына мықтап бет бұруы ұлттық ойындардың ұмытыла бастауының алғышарттарының бірі болды. Ескінің бəріне өткеннің қалдығы, көненің сарқыншағы деп қарау, сол кездегі саясат пен идеологияның өкімет пен коммунистік партия ұсынған, қолдаған жолы болды. Осының бəрі ең алдымен, жастарды қамтып, сол арқылы жүзеге асыру көзделді. Осының əсерінен жас ұрпақ ұлттық туындылардың бəріне жоғарыдан қарап, жатырқай бастады. Оның  ақыры бүкіл ұлтқа тəн, ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұралардың бəрінен  қолданыстан ысырылып тасталып, жаңа төңкеріс туғызған орыстар арқылы Европалық   мəдениетке бет бұрғызып, өзінің ата-бабасы жасаған мəдени мұраға өгей көзбен қарап,  жат санады. Бірақ, халық санасына сіңген, ғасырлар қойнауынан бүкіл бір ұлттың жадында жатталып қалған мұраның бірден жоқ болып кетуі мүкін болмады. Ол көне көз,  кəрі құлақ қарттар арқылы ұрпақтанұрпаққа жетті. Сол арқылы аз да болса, өз дегенін  істеп жатты. Дей тұрсақ та, қазақ халқының құты болып келген ауылдағы тұтас қалпы,  өзіндік мəдениеттің туып, бүкіл елге тарайтын тұрағының ыдырауы ұзақ уақыт ұлтқа тəн  қасиеттің өсіп-өнуіне, дамуына кері əсерін тигізді. Осының салдарынан ұлттық  ойындардың көбі ұмыт болды. Мұның  жағдайы бүгінде тіпті шиеленісіп, қайшылық одан əрі күрделене түсуде. Өз бетіне мемлекет құрып, ұлтқа тəн дүниені қалпына келтіруге  кедергінің бəрі жойылды деген кезде, енді нарық жағдайына кезікті. Ұлттық  ойындардың  негізгі ошағы ауылдың жағдайы нашарлап, күнкөріс қамымен бас сауғалап кетіп  жатты.  Бірақ, ұлттық ойынның бары, құрып кетуден аман қалғандары қағаз бетіне түсіріліп, елдің қолына берілді. Ол Кеңес одағы ыдырап, егемендігімізді жариялаған аз жылдардың  ішінде іске асырылды. Сонымен, ұлттық мүддені, ұлттық əдет-ғұрып пен салт-сананы,  халықтың қалыптасқан дəстүрін уағыздауға бүгінде кең жол ашылды. Жастарды жаңа  жағдайларға байланысты ұлттық негізде тəрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдалану  мектептерде жəне мектептен тыс туристік ісəрекеттерде кең  өріс ала бастады.   

Ұлт ойындарын туристік іс-əрекеттерде пайдалану, кез келген жорықтың мазмұнын ашып, байыта түседі. Оқушыны ойлылық  пен  саналыққа жетелейді. Оқушы саналығы пəн арқылы сабақта берілген  материалды түсінуге, ерікті мағыналы қимылға меңзеп, оқушының салауаттылығын білімге, білуге деген қызығушылығын үстемелеп арттырады. Сондықтан, халқымыз “Тəні  саудың  дені сау” деген  қанатты  сөзді  айта  отырып, соны баланың бойына ұлттық ойындары арқылы сіңіруді көздеген. Солай  бола тұрса да, бүгінгі егемендік алған елдің азаматтары, орта білім беретін мектептің оқушыларының, жан-жақты білім алып, əрі денсаулықтарының  мықты болып, салауатты  өмір салтын ұстанатын, өркениетті халықтар мен елдердің қатарына қосылуға сай білім  алулары тиіс.

Қазақтың ұлттық ойындарының өзіндік ерекшелігін сезіне білетін, ол үшін мақтаныш сезімін оятатын, Отанын шын сүйе білетін дара тұлғаларды тəрбиелеу ісін  ойдағыдай жүргізе алатын басты тұлға – мектеп-туризм нұсқаушысы (инструкторы). Олай  болса, туризм нұсқаушысы өзі ұлттық ойындардың тəрбиелілік мақсаттарын жан-тəнімен  ұғып, мектеп оқушысына жеткізуге мүдделі болуы керек. Сонымен бірге, ұлттық ойын қолданылатын жаяу жорықтарда, экскурсияда оқушылардың ойын талаптарын бұзбауы,  жалпы тəртіптің сақталуы, ойынға қатысушылардың бəріне бірдей ортақ болуы тиіс. Осы талаптарды қатаң сақтай отырып, ойынның бос жүгіріс, ретсіз жүріс, айғай-шуға айналып, жорық жағдайындағы демалыстың көздеген мақсатына жетпей қалмауы үшін туризм нұсқаушысы оқушылардан ұлттық ойын тəртібінің орындалуын қатаң талап етуі керек. Сондықтан, осы талаптарды туризм нұсқаушысы орындап, жорық жағдайындағы ойын түрлері нəтижелі өтуі үшін, оны туристік іс-əрекеттердің (негізгі формасы жорық, экскурсия), жалпы тəрбие үрдісіндегі оқу-тəрбиелілік мақсатымен ұштастыра білу үшін, мына педагогикалық міндеттердің орындалуына шарт қойылады.

  • Оқу жылының басында туризм нұсқаушысы, оқушылардың сыныптан тыс туристік іс-əрекеттерін ұйымдастыру, жоспарлау материалдарын мұқият зерттеп, ұлт ойындарын пайдалануға болатын тақырыптарды анықтап, қандай ұлттық ойындарды  қолданатынын көрсетіп, оларды  пəн бірлестіктерінің отырысында қарап, басқа да пəн  мұғалімдерімен келісіп,  күнтізбелік жоспарда белгіленуі шарт.
  • Ұлт ойынын туристік іс-əрекеттердің барысында қолдану үшін, оны алдымен өзі жете білуі қажет. Өйткені, туристік нұсқаушы ойынның мазмұнын, ойнау тəртібін,  мақсатын білмесе, онда ол жорық барысының  қай  тұсында,  қалай, қандай  жағдайда,  не  үшін қолданатынын білмейді. Ондай жағдайда ұлт ойындарын жорықтарда пайдалану  айтарлықтай тəрбиелілік нəтижеге жеткізбейді.
  • Туризм нұсқаушысы əрбір ойынның оқушыға берер нəтижесін алдын-ала болжап, оны  жорықтың қай кезеңінде қолдану қолайлы екенін анықтауы тиіс. Олай  істеу көп күндік жорық кестесіне де байланысты болады. Өйткені, арнайы ойынның кезеңі  жалпы жорық барысында, күндізгі демалыс сəттерінде, жорық жүру барысында, кешкі от қасында ұйымдастыру жоспарланғандықтан, ұлттық ойынның көп түрін үйрену жəне өткізу осы тұстарға сəйкестік жасайды.
  • Туристік нұсқаушының алдын-ала ойынның берер тəрбиелік мүмкіншілігін танып білерлік қабілеті мен дағдысы болуы шарт. Өйтпеген жағдайда қолданылған ойын өз дегеніне жете бермейді.
  • Туристік нұсқаушы оқушылардың жас ерекшеліктерін де есепке алуы керек. Оқу материалын жетілдіру үшін, демалыс күнгі жорық кезінде бастауыш сыныпқа арналған ойындар мен мектептің орта буын сыныптарына пайдаланатын ойындар бірдей болмайды. Сол секілді, мектептің жетінші-тоғызыншы сынып оқушыларының бағдарламалық материалына лайық ойын элементі де күрделене түсуі қажет.
  • Туристік нұсқаушы ұлттық ойындарды пайдаланудың мөлшерін жəне уақытын, орнын, жорық барысының қай тұсында қолдануға болатынын алдын-ала ойластырғаны  дұрыс.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

  • Туризм нұсқаушысы оқушылардың жорық жағдайында ойнауды не үшін қолданатынын, ойын тəртібін, оны қатаң сақтауды білуін талап етеді. Өйтпеген жағдайда  жорықтың тəрбиелілік көздеген мақсатына жетпеуі мүмкін. Ойынға оқушылар ынта-жігерімен өз беттілігін сақтай отырып, ойын қолданған жорықтардағы шығармашылық тапқырлығын жетілдіріп, оны мұғалімнің қолдап  отыруы да өз нəтижесін береді.
  • Туристік нұсқаушының оқушыларға ұлттық ойынды тез, əрі жылдам меңгертудің жолдары мен оның тəртібін, ойналу шарттарын меңгерудің жеңіл əдістерін    күні ілгері ойластырғаны дұрыс.

Əрбір ұлттық ойынның, сондай-ақ, жалпы ойын атаулының адам ағзаларына тигізер негізгі əсері мен оның психикасына етер ықпалын есепке алған жөн. Мысалы, “Қарғымақ” ойынын алатын болсақ, оған қатысатын оқушылар жүгіруге, сол сияқты  ұзындыққа, биіктікке секіруге дағдыланады. Мұндай жорық жағдайындағы ойын үстінде  оқушының аяқтарының бұлшықеттері жетіліп, туристік іс-əрекеттерге белсенділігі артып,  оқушының секіргіштігі, шапшаңдығы, денесінің икемділігі, батылдығы, шешімділігі, табандылығы артып, денесі шынығып, алғырлық сапасы жетіле түседі. Соның  нəтижесінде туристік жорықтар арқылы оқушының денсаулығы жақсы қалыптасып, оқуға қабілеті жетіліп, өз бетімен əрекет етуге, өзіне-өзінің сенімі күшейіп өмірге деген құштарлығы артады.       

Халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған асыл қазынасының үлкен-кішісі  болса да, керексізі жоқ. Ол бүгінгі жəне жарқын болашақ үшін жұмыс істеп, ұлтымыздың  ұлағатты дəстүрін қазіргі, ертеңгі жəне болашақ ұрпаққа жеткізіп, салауатты өмір салтын құратын жас-жеткіншекке уағыздаудың үлкен əлеуметтік-педагогикалық маңызы бар.  Өйткені, ұлттық ойын адамды жанжақты тəрбиелеумен бірге, гигиеналық, сауықтырушылық рөл атқарумен  қатар, ұлтының тілін, ділін, əдет-ғұрпын, салтсанасын,  дəстүрін мектеп қабырғасында меңгеріп, отансүйгіш, бауырмал болып тəрбиеленуге негіздейді.

 

ƏДЕБИЕТТЕР:

  1. Нұрланова К. Символика мира в традиционном искусстве казахов//Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. – Алматы: Ғылым, 1993. — С.264.
  2. Коджаспирова Г.М.              Культура     профессионального         самообразования.              –              Москва:

Педогогика,1994 г. — С.86.

  1. Узакбаева С.А. Средствами Казахской народной педагогики.//Вестник научнопедагогического центра. – 1992,№9, — С.13
  2. Хайруллин Г.Т., Бейсенбаева А.А., Саипов А.А. Ведение в педагогику. – Алматы: Туризм, 2001. -141с.

     

   Резюме

В статье автор рассматривает роль национальных игр в  воспитании современной молодежи.

    Summary

The author considers the role of the national games in educating today’s youth.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *