С.Н.Жиенбаева –
педагогика ғылымдарының докторы, доцент,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Əрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани жəне адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да, əрбір жаңа ұрпақ үшін мəнді тəрбие – ұлттық тұрғыдағы тəрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тəрбиенің негізін замандар бойы калыптасып келген асыл рухани құндылықтар жəне биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, əрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен кағидалар құрайды.
Кеңес заманындағы білім беру жүйесінің əлеуметтік мəселелерді шешуде, халықты жаппай сауаттандыруда атқарған қызметін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, ол жүйе қазақ ұлтының мүддесін толық шеше алмағаны анық. Оның дəлелі, қазақ балабақшаларының санының аздығы, ана тілінің қолданыс өрісінің шектеулігі болып табылады. Сондықтан, əрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына жағдайдың жасалуы – халқымыздың ертеден аңсап келген, казірде баянды болып отырған Егемендігіміз бен Тəуелсіздігімізге тікелей байланысты екендігін баса айтқан орынды. Мұның өзі Қазақстанның педагогика ғылымында жаңа сипаттағы казақ балабақшаларының ұлттық мазмұнының даму бағыттарын зерделей отырып, бір жүйеге келтіру мəселесінің өзектілігін айқындайды.
Ұлттық тəлім-тəрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мəдениетінің өсуін үлкен тежелуге əкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылымизерттеулер жүргізуге шек койылды. Ұлттық салт-дəстүрлерді дəріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағалаңды. Халықтық дəстүрлер өзінің қоғамдық мəнін жойып, отбасылық мəнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектепке дейінгі кезеңнен мектеп, жоғары оқу орындарының тəрбие жұмыстарының негіздеріне кірді.
Педагогикалық процестің ұлттық мазмұны білім жəне тəрбие мазмұнына ұлттық сипат беру арқылы ашылады. Қазақтың ұлттық құндылықтары туралы түсініктері мен білімдері қалыптасқан; жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінігі бар; өз отбасы шежіресін жүргізудің алғашқы іскерліктері бар; өз тегін, тегінің тарихын біледі.
Қазақстанның өз алдына егемендік алғанынан бері болып жатқан өзгерістері білім беру саласын да айналып өткен жок. Оның бір көрінісі, жалпы орта білім беру жүйесінде білім беру мекемелерінің жаңа типтерінің пайда болуы екендігі анық. Білім берудің калыптасқан жүйесін езгеріске түсіру оның мəні мен маңызын анықтап, оны ғылыми тұрғыда зерделеу жəне полиэтникалык ортаға лайықтап бейімдеу қажеттігін тудырды. Себебі, бірнеше мəдениет тоғысында өмір сүріп жатқан қазақстандықтар үшін ең басты құндылық – татулық, өзара сыйластық, осы ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, əр халық өзінің ұлттық болмысын сақтауға құқылы.
Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтап дамытуда білім мен тəрбиенің ордасы болып саналатын қазақ балабақшаларының рөлі өте жоғары. Балабақшалар ұлттық сипат алмаса, ұлттық мəдениет пен ұлттық тəрбиенің болуы мүмкін емес. Жаһандану аясында ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мəңгүрттіктен сақтану, оның алдын алу шаралары жаңа заманнан бастау алып отыр жəне бұл мəселенің оң шешімінің табылуының бір жолы педагогикалық процеске этнопедагогиканың, педагогикалық инновацияның ене бастауынан көрінеді. Дегенмен, Қазақстанның мектепке дейінгі педагогика ғылымыңда жаңа сипаттағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ұлттық мазмұны өз дəрежесінде қалыптаспай отырғанын мойындау керек. Белгілі қазақстандық ғалым Т.Бурбаев Қазақстанда ғылым мен білім батыстық үлгіде дамып отырғаны сөзсіз нəрсе екендігін айтады.
Елбасы Н.Назарбаев: «Біз демократия мен нарықтық экономиканы принципті түрде жақтаймыз. Алайда, əр коғамның өзіндік ерекшеліктері бар, ол қалайда ескерілуге тиіс, қайталанбас этномəдениетке, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал, енді кімде-кім мұны түсінбесе, кімде-кім етжақындық жəне рухани тұрғыда өз халқының мəдени кейпінде болмаса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге одан кез келген басқа мəдениет теріс айналады. Бұл тура мағынасындағы да, оның агрессияшыл көрінісі тұрғысындағы да мəңгүрттікке бастайтын тура жол», – деп, біздің қоғам үшін аса көкейкесті мəселені көтереді. Сондықтан, бүкіл əлем халықтары өміріне жаһандану үрдісі тұтастай еніп келе жаткан бүгінгі күнде өз тəуелсіздігін кеше ғана алған Қазақстан үшін Елбасы ескертіп отырғандай, өз келбетінен айырылып қалмау мəселесі – өзекті де өткір мəселе.
Қазақ халқы «Бала тəрбиесі бесіктен» деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз сəби шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, оның тəрбиесі мен мінез-құлқының дұрыс калыптасуына айрықша мəн бергені белгілі. Бұл мəселе қазіргі заманда да маңызын жойған жоқ. Біз мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің əріп танымаса да, ойы жан-жақты жетілгенін қалаймыз. Балабақшада тəрбиеленген балалар оқуға тез бейімделеді. Мұны кез келген бірінші сыныптың сабағына қатысып, көз жеткізуге болады. Балабақшаға барған бала мен бармаған баланың ойлау қабілеті екі басқа. Мектепке дейінгі мекемеде тəрбиеленген бала алғыр, білімге құштар болып келеді. Ал, отбасында өскен бала жасқаншақтау, өз ойын ашық айта бермейтіні белгілі. Меніңше, баланың үлкен өмірге қадам басуында балабақшаның орны маңызды. Мектепке дейінгі мекемелер уақытында салынса, көптеген бүлдіршіндер балабақша есігін ашатын болады. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерді қалыптастырудың əлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Өйткені, бүгінде көптеген ата-ана жұмыс істеудің орнына бала бағып, үйде отыр. Қазақ этнопедагогикасын мектепке дейінгі оқу-тəрбие жұмыстарына енгізуге байланысты ғалымдарымыз өз зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ж.Т.Сарыбекова қазақ халық педагогикасының дəстүрлі қыздар тəрбиесі түрлерін мектепке дейінгі ұйымдарда пайдалану арқылы қыз баланың ұлттық келбетін мектепке дейінгі кезеңнен бастау керектігін айта келе, мектепке дейінгі ұйымда қыз баланың ұлттық келбетін қалыптастырудың үш кезеңін көрсетеді: тəрбиешілермен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, қыз балалармен жұмыс. Қазақ этнопедагогикасы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларға тəрбие мен білім беруде Ф.Н.Жұмабекова сəндік-колданбалы өнер негізінде балалардың көркемдік талғамын қалыптастырудың теориялық жəне əдістемелік мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыра отырып, қазақ халқының қол өнерінің бала тəрбиесіне ықпалын дəйекті дəлелдеген. Ш.С.Сапарбаева балабақшаның ересек тобындағы балаларды қазақтың тұрмыс-салт дəстүрлері арқылы еңбекке баулудың тиімді жолдарын əдістемелік жағынан ашып көрсетсе, Р.М.Сыздық ауызша есептердің мазмұны қазақ халқының əр дəуірлеріндегі тұрмыстық жағдайлар мен аң аулау, кəсіпшілік істерімен байланысты екендігін ғылыми еңбектерінде атап көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеуде қазақ этнопедагогикасы мазмұнын төмендегідей бес бағытта қарастырдық:
- қазақ балалар фольклоры;
- салт-дəстүрлер;
- ұлттық ойындар;
- ұлттық өнер;
- этноэкология;
Ұлттық мінез-кұлық – халықтың тарихи тəжірибесінде қалыптасқан дағды жəне əдеттер жиынтығы. Намыс, абырой, шындық, əдеп сақтау, ар, ұят, ұлттық мінез жайында Ə.Табылдиев еңбектерінде саралап айта отырып, ұлттық ерекшеліктермен дəлелдеген. Қазақ этнопедагогикасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалар жаман мен жақсыны ажыратуды үйренеді, адамды сыйлау, құрметтеу, сəлемдесу, үлкен кісінің алдынан өтпеу, орын беру сияқты адамгершілік құндылықтарды меңгере бастайды.
5-6 жастағы бала заттарды топтастыру қасиеттерін меңгере түседі. Мысалы, кебеже, сандық, орындық, кереует, сырмақ, түскиіз т.б. үй жиһаздарына жатқызып, тақия, табақ, сақина сияқты басқа заттардан ажыратып, айыра алады. Балаға жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасау, қоршаған ортаны өзі танып-білуіне толық мүмкіндік беру, бала материалды өзі таңдап, өздігінен дербес əрекет етіп, өзінің жоспарымен жұмыс жасауға жағдай туғызып отыру керек. Педагог балаларға казақ этнопедагогикасының материалдарын өздігінен таңдауға жəне онымен танысуға уақыт беріп, оны қалай қолдануы жайында көрсетіп, түсіндіріп отырса, балалар қабылдау негізінде ой елегінен өткізіп, қорытынды жасай білуге үйренеді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша баланың ырықты зейінін қалыптастыру үшін зейіндерін бір мақсатқа аударып, шоғырландыра білу керек. Ол үшін екі заттың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуда 3-4 жастағы балаларға 2-6 түрді айырмашылығы бар сурет ұсынылса, 5-6 жастағы түрлі айырмашылығы бар суреттер ұсынылады. Сонымен бірге, көп заттардың арасынан ұқсас екі затты табу, түстері немесе көлемді заттарды табу, дыбыстык белгілер арқылы, қимыл арқылы тапсырмаларды баяу, орташа, жылдам түрде орындау сияқты бала ырықты зейінді жетілдіре түседі. Мысалы, «Бірдей екі табақты тап», «Қандай суреттің сыңары жоқ?» «Қуыршақтың көлеңкесі кайсы?», «Төлдердің анасын табуына көмектес», «Бірдей ою-өрнегі бар тақияларды тап» т.б. ойындық-тапсырмалар балалардың ырықты зейіндерін дамытуға септігін тигізумен бірге, дүниетанымдарын кеңейте түседі. Мысалы, ұлттық ойын ойнар алдында балалардын зейінін аудару мақсатында ойынға шақыру жырын колдану, бала зейінін шоғырландыра түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар ойнайтын «Ақ сандық, көк сандық» ойыны барысында ойын үстінде айтылатын өлең мəтініне назар аудару, мəтін аяқталысымен орындарынан тез тұрып кету, қарсыласын арқалай жөнелу сияқты əрекеттер зейінді неғұрлым тез аударуды талап етумен бірге, ұшқыр ойды да талап етеді. Сондай-ақ, «Түйе, түйе, түйелер» қызықтамасындағы кейіпкерлердің үздіксіз іс-əрекеті – түйеге жер жусанын, қой қошақанын, қонақ қамшысын, қыз орамалын, ағаш жапырағын, сиыр сүтін сыйлауы жəне сүтті көбелек, жапалақ, сауысқан келіп сарқып ішіп кетуі балалардың зейінін бірден аударып, кейіпкерлердің əділдік пен əділетсіздіктік қылықтарын байқауға мүмкіндік береді.
Көбінесе, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға, жан-жануарларға, табиғат əлеміне негізделген шығармалар баланың дүниетанымын қалыптастыруға əсері мол. Біз қазақ балалар фольклорын 3 топқа бөліп талдадық.
Халық тұрмысындағы жас ұрпаққа этноэкологиялық тəлім-тəрбие беру көрінісі ұлттық салт-дəстүрлермен, діни-нанымдық тарихи оқиғалармен жəне жергілікті жердің жөн-жосықтарымен тығыз байланыста қалыптасады. Халық этнопедагогикалық идеялары тек табиғи күштер мен аспан денелерін тануда қалыптасқан этноастрологиялық, этноклиматологиялық құбылыстармен байланысқан теориялық негіздерін танып қана коймай, өмір сүру үрдісінде аталмыш дүниелерді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өзіндік əдістəсілдерін жетілдіріп отырады. Халық ұғымындағы «көкті жұлма», «құстың ұясын бұзба», «аққуды атпа», «құмырсқаның ұясын бұзба» т.б. табиғатты қорғауға байланысты айтылған ұғымдар бала дүниетанымын қалыптастыруға əсері мол.
Сонымен, қазақ этнопедагогикасы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мазмұны қазақ балалар фольклоры, салт-дəстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, этноэкология бағытында жас ерекшеліктеріне сəйкес жүйелеу, бұрын тəжірибеде қолданылмаған қазақ этнопедагогика материалдарын балабақшаның оқутəрбие үдерісіне енгізу баланың ұлттық болмысына ықпалын тигізді.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени білім тұжырымдамасы. – Алматы:
Қазақстан, 1996. — 32 б.
2.Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары: Чувашское кн. изд. 1974. — 376 с.
3.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, 1995. – 463 б.
4.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялык негіздері мен тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Білім, 2003. — 280 б.
5.Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. — 317 с.
6.Əбілова 3. Этнопедагогика. – Алматы, 1997. — 265 б.
7.Жарықбаев Қ. Қазақ тəлім-тəрбиесі: Оқу құралы. – Алматы: Санат,1995. — 352 б.
8.Табылды Ə. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2005. — 312 б.
9.Белгібаева Г.Қ. Болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз əдебиеті арқылы патриоттық тəрбие беруге даярлау: пед. ғыл. канд. автореф: 13.00.01. – Қарағанды, 2006. — 29 б.
10.Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: 2007. — 215 б.
11.Иманбеков Т. Қазақ балабақшасындағы оқу-тəрбие жұмысында ұлттық ойындарды пайдалану (5-7 жас) пед. ғыл. канд. автореф: 13.00.01. – Алматы, 1995. — 27 б.
12.Баймұратқызы Б. Тіл дамыту. – Алматы: «Кітапбаспасы», 2005. — 159 б.
Резюме
В данной статье автор пытается подобрать ключ к проблеме воспитания детей дошкольного возраста через педагогику казахского народа. Показывает некоторые пути решения.
Summary
In given to the article author attempts to select key to problem of education children preschool age across pedagogics Kazakh народа. Displays some road decision.