Г.К.Абдуллина –
Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СТУДЕНТТЕРДІ ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС
Студент жастардың бүгінгі тəлімтəрбиесі мен ертеңгі болашағы ерекше мəнге ие. Қазіргі толассыз тасқындаған ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жастарды тəрбиелеу өзекті мəселе. Тəрбие адам қоғамына ғана тəн, тарихи мəңгілік категория. Тəрбие дегеніміз – жеке адамның қалыптасуы, дамуы жəне жетілуі. Сондықтан тəрбие адам қалыптасуында шешуші фактор болып табылады. Тек тəрбиелі адам ғана жоғарғы мəдениетті, адамгершілігі биік, парасатты қасиеттерімен дараланатындығы белгілі.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын» жəне
«Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру нəтижеге бағдарланған, бəсекеге қабілетті сапалы білім алу мен саналы, əрі білікті маман қалыптасуына жағдайлар жасалуда; үздіксіз білім беру жүйесін əлемдік стандарттар талаптарына сай дамытуды көздейді. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беруді дамытудың қазіргі үрдістері қазақстандық қоғам өмірінің барлық саласында болып жатқан түбегейлі қайта құрылулармен байланысты.
Үздіксіз кəсіптік білім беру мəселелерін іргелі зерттеу соңғы уақытта түрлі білім беру жүйесінің əлемдік интеграциясы шеңберінде үлкен маңызға ие болуда. Əлемдік академиялық кеңістіктегі үздіксіз кəсіптік білім беру үдерістері еңбек нарығындағы əлеуметтік-саяси жəне экономикалық жағдайлармен ұштас обьективті, субьективті факторларға, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру аспектілерімен, сондай-ақ, қоғамның білім беру жүйесінің жаңа моделін енгізуге деген талаптармен байланысты.
Мемлекеттік талаптар мен сұраныстарында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті кəсіби мамандарды дайындап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы кəсіптік білім сапасын жетілдіру мəселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тəжірибеге сай реформалауды талап етіп отыр.
Бүгінгі ЖОО-дағы тəрбие үрдісіндегі инновациялық үрдістің мақсаты – студенттерді өмірге əзірлеу барысында жүргізілетін тəрбие жұмыстарының нəтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету. Тəрбие мақсатына орай оны жүзеге асыру жолдары белгіленіп, тəрбиелік іс-əрекеттердің мазмұны анықталады, тəрбиені, тəрбиелік шараларды ұйымдастырудың нақтылы мəселелері мен əдістері қарастырылады. Тəрбие – қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, дамымайды. Бүгінгі студент – ертеңгі маман, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сай еңбек ететін, өзіне де өзгеге де пайдасы тиетін адам болып қалыптасуы тəрбиедегі қоғамның басты талаптарының біріне айналуда. Бүгінгі ҚР-дағы білім мен тəрбие берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүниежүзі мойындап, онымен тең қарым-қатынас жасау, патриотизм, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетас қалаудың нəтижесінде экономикалық бостандыққа қол жеткізу.
Осылардың барлығын жан-жақты дамыған, білімді қолынан іс келетін тұлғалар жүзеге асырады.
Тəрбиеге тікелей қатысы бар адамдар тəрбиенің мəнін, міндеттері мен мақсатын жете түсіне білу қажет. Осыған байланысты тəрбиеге қойылатын басты міндеттер: студенттердің дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру; жеке адамның анатомиялық, физиологиялық жəне психикалық дербес қабілеттерін жанжақты дамытып, эстетикалық талғамы мен сезімдерін, экономикалық мəдениетін, құқықтық білімін, салауаттылықты қоғам талаптарына сай тəрбиелеу. Тəрбие үрдісінің нəтижелілігі мен табыстылығына дұрыс мақсат қоя білу. Мақсат қоя отырып, адам өзінің ішкі белсенділігі, ұмтылысы арқылы өзін жетілдіреді, дамытады, қалыптастырады, ал бұған арқау болатын нəрсе өзін-өзі тəрбиелеу, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамыту.
ЖОО-ының мақсаты – студенттерді жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғарғы адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, кəсіби еңбекке əзірлеу, нарықтық қатынаста, кəсіби бəсекелестікте өзін-өзі көрсете білуге баулу. Бұл мақсаттар мынандай кешенді міндеттерді қарастыруды талап етеді: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның ниетін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу секілді əлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап, пайдалана білуге əзірлеу, таңдаған кəсібінің қыры мен сырын терең меңгеру; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі тəрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.
Бүгінгі күнгі əдіснамалық жəне дүниетанымдық мəдениеті жоғары, шығармашылық жағынан белсенді, өзінің кəсіби əрекетіне икемділік пен қабілеттік таныта алатын маман дайындау міндеті тұр. Аталған міндетті шешудің бір жолы студенттерге дайын ғана білімді беріп қоймай, студенттерді теориялық көзқарастарын негіздеуге, пəндік, тəжірибелік тəсілдер мен іскерліктерді игеруге баулу керек. Қоғамдық дамудағы жаңа технологиялардың, жаңа заңдар мен парадигмалардың өзгеруі адамдарды жаңа өмір сүру жағдайларына бейімделуге мəжбүр етеді. Бұған үздіксіз білім беру жүйесі мен оның əрбір буынынсыз, тұлғаның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану, дамыту жүзеге асырылмайынша қол жеткізу мүмкін емес. ҚР-дағы жоғарғы білім беру жүйесінде студенттердің тұлғалық дербес қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдай туғызатын əлемдік тенденцияларға назар аударылуда. Студенттердің жеке тұлға болып қалыптасуы, олардың бірбірімен ынтымақтастықпен қарымқатынас жасауы, өзгермелі құбылыстарға тез бейімделіп жол табулары, дұрыс шешім қабылдай алуы сияқты қасиеттерге баулуға басым бағыт беріледі.
ЖОО-ы ісінің даму жағдайын айқындайтын басты бағдар – оқытушы мен студенттің қарым-қатынасын жетілдіру. Студентті оқытушымен бірдей жауапты субьект ретінде қабылдау оқу үрдісіне енгізудегі жаңалық болып отыр. Яғни, оқу-тəрбие үрдісін жаңаша ұйымдастырудың жəне жетілдірудің теориясы мен практикасындағы танымдық, құрылымдық-функционалдық əдісіне, жүйелі қарау ұстанымдарына жəне жаңаны синтездеуге баса көңіл бөлініп отыр. Мысалы, жаңаны синтездеудің талаптары қазіргі оқу үлгісіндегі əйгілі іс-əрекеттің үшеуіне де өзгеріс енгізуді қажет етіп отыр: олар студенттердің интеллектуалды-танымдық (дүниені жəне өзін-өзі тануы), эмоционалдық (құндылықтар), олардың жасалынуын көңілмен ұғыну, практикалық (шынайы дүниені білдірудің, оны өзгерту мен қайта жасаудың жолдары) іс-əрекеттері. Заман талаптарына сай білімді де білікті мамандар даярлаудың сапасын жақсартумен қатар, болашақ таңдаған мамандықтарына кəсіби шеберліктерін арттыруға жағдайлар жасаумен байланысты жүргізілетін шараларды мойындаймыз. Дегенмен, болашақ мамандардың кəсіби шеберлігін арттыру тек білімін оқтын-оқтын жетілдірумен ғана шектелмей, студенттердің мəдени деңгейін, белсенділігін, əрекетшілділігін жəне ізденімпаздылығын көтеруге бағытталуы қажет.
Болашақ бүгіннен басталады десек, адамның жарқын болашағы оның өз өмірін «əсемдік заңы» бойынша ұйымдастыруына байланысты болмақ. Студент жастарға сұлулық, əсемдік жайлы тəрбие беру – идеологиялық жұмыстың маңызды саласы десек, артық етпесі сөзсіз. Жастарды жақсы қасиеттердің барлық түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білуге, бағалауға, өмірдің жəне еңбектің алуан түрлі саласына «əсемдік» элементтерін енгізе білуге үйретеді, ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық жағынан жетілдіру оның шығармашылық қабілеттері мен дарындылығын дамыту, оны нағыз еңбекқор ретінде, адамгершілік парасаты мол, мəдениеті қалыптасқан адам ретінде тəрбиелеуді көздейді. Жастар студенттік өмірлерінде тек белгілі бір ғана бағытта шектелмей, əдемілікті, сұлулықты сезінуі, өнердің құпия сырын үйренуі, осы бағытта ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты тəрбие алуы тиіс. Ол үшін жоғары мектеп студент жастарымыздың сұлулық əлемінен сусындап, көркемдік танымдарының қалыптасуына жан-жақты əсер ете отырып, толыққанды дамуына толық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Бүгінгі студент – ертеңгі білікті, білімді, жан-жақты қалыптасқан мəдениетті, білгір маман.
Сондықтан, жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі жастардың меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дəстүрі мен тəжірибелерін үйрету. Студенттердің қоршаған ортасына, адамдарға жəне бірбіріне тек қана қайырылымдылық пен сүйіспеншілік, махаббат пен мейірімділік, ізгілік пен адалдылық, адамилылық пен имандылық, сыпайылық пен сыйластық сияқты асыл қасиеттерді бойларына дарыту, қалыптастыру.
ƏДЕБИЕТТЕР:
- Қазақстандағы үздіксіз кəсіби білім берудің мəселелері мен перспективалары//Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Астана, 2009.
- Абдуллина Г.К. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кəсіби даярлау мəселелері//«Білім жəне ғылым: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тəжірибесі мен болашағы». Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Семей-
Қазақстан, 2008, 8-9 б.
- Жұмағұлова Қ.Ə., Оспанова Б.А. Болашақ мамандардың кəсіби шеберлігін дамытуға бағытталған инновациялық мəселелер//Білім, 2008, № 3. — 39-40 б.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы воспитания студентов. Раскрыты методы и принципы инновационного процесса в воспитательной деятельности.
Summary
In the article are examined problems of education of students. Methods and principles of innovative process are exposed in an educate activity.