ЭТНОСТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ЭТНОСТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Еліміздің     егемендік      алуымен

байланысты этностардың шығу тегін зерттеп білу, этномəдениеттің бұрыны мен бүгінін жəне оның келер болашағын зерттеу мəселесі шұғыл қолға алына бастады. Осымен байланысты, соңғы 20 жылда этномəдениет жөнінде ондаған докторлық, жүзден астам кандидаттық диссертациялар жазылды.

Адам баласы ұжымдаса тіршілік етуге бейім тұрады. Сондықтан, оған əлеуметтік бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те қарауға тура келеді.

Шын мəнісінде, этностардың белгілі бір территорияда қоныстануы (ата қонысының болуы), екінші — бір тілде сөйлеп, бір территорияда тіршілік етуі, үшінші — сол халықтың тұрмыстық заңдары, əдетғұрып бірлігі, төртінші — шаруашылық кəсіби бірлігі, яғни ата кəсібінің болуы, бесінші – халықтардың бірыңғай халықтық шежіресінің болуы заңды құбылыс.

Осы бес белгінің бірі сақталмаса, ол халық жер бетінде ұлт болып өмір сүру құқығына ие бола алмайтынын дəлелдей келіп, Л.Н.Гумилев: «Этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен əлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салтдəстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кəсібі, мінез-құлқы, тілі, мəдени мұрасы бір халықтар тобы» деген анықтама береді. Біз осы анықтаманы басшылыққа аламыз.

Этностардың бір-бірінен этногенездік айырмашылықтары олардың нəсіліне, тіліне, дініне, біліміне байланысты емес. Мінез-құлқы мен жер бедерінің табиғатына үйренуіне (икемделуіне) байланысты деп қарауға тура келеді. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсіріп, ет жеп тіршілік етуі, ал оның керісінше Оңтүстік Африка халықтарының ыстық қанды болып кетуі жəне субтропикалық өсімдіктермен қоректенуі географиялық-климаттық жағдайға байланысты ерекшелік.

Этностардың мінез-құлқы заман өткен сайын біртіндеп жаңарып, өзгеріп отырады. Ол мінез-құлықтың экономикалық, шаруашылық салаға бағынышты екендігін көрсетеді. Мысалы, 18-19 ғасырлардағы қазақтардың мінез-құлықтары мен бүгінгі қазақтардың мінез-құлқы бір емес. 18-19 ғасырларда қазақ ауылындағы патриархалдық шаруашылық оларды жайбарақаттыққа үйретіп қалыптастырды. Ал, бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс, нарықтық арпалыс өмір мінез-құлықтағы шапшаңдықты, қарбаластықты үйір етті.

     Ұлттық мінез-құлық   жергілікті

халықтың кəсібіне қарай бейімделеді. Мысалы, Моңғол қазақтары мен Иран, Түркия қазақтарының немесе Өзбекстан қазақтары мен Ресей қазақтарының мінез-құлқы бір емес. Яғни, жергілікті халықтың кəсіби психологиясының əсерінен сол халықпен бірге тіршілік ететін диаспораның мінезқұлқы да соларға икемделе өзгереді. Мəселен, Қытай қазақтарында үнемшілдік қасиеті, Моңғол қазақтарында майда тілділік пен діншілдік қасиеттер басым болып келеді. Оны жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілік əсерінен деуге тура келеді. Қазақтың «кімнің жерін жерлесең, соның суын сула» деген мақалына сай психологиялық өзгерісті байқауға болады. Яғни, бұл ұлттық мінез-құлықтың əлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық қарым-қатынасқа бағыныштылығын дəлелдейді.

Этнос мүшелерінің мінез-құлық құрылымының бірізділігі (бірыңғайлығы) қарым-қатынас нормаларына негізделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына бағынышты; 2) жеке адамдардың өзара қарым-қатынасына бағынышты; 3) этникалық топтардың арақатынасына негізделеді; 4) этностар (ұлттар) мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады.

Бір этностың басқаша тұрмыстық нормамен өзара байланысқа түсуіне екінші этнос өкілдері жатсына қарайды. Оны «өрескелдік», «сөкеттік» деп айыптайды. Мысалы, ертедегі афиналықтар скифтердің үйінің жоқтығын, ал өздерінің мейрамдарда есі кеткенше ішкеніне (маскүнемдігіне) ызалана сөгетін болған. Ал, римдіктер еврейлердің баласын сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсылық əрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарлар арабтардың көп қатын алуын сөлекеттік деп санаса, ал арабтар француз əйелдерінің бетін ашық ұстауын келеңсіз санаған. Еврейлер римдіктердің шошқа етін жегені үшін жек көрген.

Этнография жəне этика ғылымдары мұндай сөлекеттерді жеңе отырып, этникалық мінез-құлықты байқаудың жəне қалыптастырудың бірыңғай принциптік жүйесін енгізді. Оны көпшілік халыққа ортақ этикалық (моральдық) мінез-құлық ережелері деп атайды.

Заман өзгерген сайын қарым-қатынас нормалары да өзгеріп, заман талабына сай мазмұны да, формасы да жаңарып отырады. Мысалы, өзбектердің əйелдерінің пəрəнжі жамылуы немесе қазақтардың барымтасы мен анттасуы бүгінде ескірген, тұрмыста қолданудан қалған. Ал, оның есесіне ерлізайыптылардың алтын, күміс тойлары немесе төлқұжат тапсыру, зейнеткерлікке шығарып салу, көршілерді шақырып жаңа үйге кіру (новоселье) жиын-тойлары жаңа заман тудырған салт-дəстүрлер.

 
   


Этнос мүшелерінің шыққан тегі – жеке адамдардың өзінің сол этнос мүшесі екенін

қабылдауымен анықталады. Мəселен, 1979 жылы санақ бойынша Дон бойындағы Ростов қаласында тұратын гректер өз балаларын ұлты орыс деп жаздырған. Себебі, Россияда туып, орыс мектебінде оқып, орысша ойлап, сөйлегендіктен. Олардың психологиялық бет-бейнесі соңғы 250 жылда мүлде орыстанып кетті. Немесе əкесі қазақ, шешесі орыс, болмаса əкесі кəріс, шешесі орыс отбасының балаларын 1984 жылғы санақ бойынша ұлтын орыс деп жаздырған.

Бұл   мысалдар адамның белгілі бір этносқа қатысын анықтау сезімге негізделетінін көрсетеді. Ал, адамның сезімі оның өзіндік ойлау жəне мінезқұлық ерекшеліктерін білдіреді,  ол тіл арқылы көрініс тауып айналасындағыларға білінеді. Сезім мен тілдің бірлігі этносты анықтауда шешуші рөл атқарады.

Адамның бір этносқа тəн қасиеті оның бойына сəби кезінен ана сүтімен, атаанасының қарым-қатынасы, мінез-құлқы, іс-əрекеті арқылы дарып қалыптасады. Бүгінде Қазақстандағы 3,5 мың орыс тілді мектептерде оқитын оқушылардың 5560 пайызы қазақ балалары. Олардың басым көпшілігі ана тілін білмейді. Орысша сөйлеп, орысша тілі шыққандар. Олардың ана тілі орыс тілі болып кеткен. Олай болса, олардан «Ұлтың кім?» десе, «білмеймін» деп немесе «орыспын» деп жауап берсе таңқалмаңыз. Бұған, əрине, ең алдымен отбасы, əке-шешелері кінəлі. Себебі, олардың ата-аналарының өздері балаларымен орысша сөйлеседі. Олардың тілі, психологиясы мүлде орыстанып, ұлттық ерекшеліктерден айырылғандар.

Бала тəрбиесінде отбасы жүйесінің рөлі тым үлкен. Отбасы мүшелерінің қарымқатынасы, бір-біріне көзқарасы, жүрістұрысы, мінез-құлқы жүйенің элементтері болып есептеледі. Ал, отбасылық жүйе этностық жүйенің қайталанатын атрибуты болып саналады. Этностық топтар күнделікті тұрмысындағы, əдетғұрпындағы, мінез-құлқындағы, көзқарасындағы айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді. Олай болса, «этнос» дегеніміз белгілі бір жүйеге негізделген топ – ұжым екен.

Бізге ұлттық менталитетті қалыптастыруда осы кемшіліктерді жою үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Менің пікірімше, ол үшін мына ісшараларды іске асыру қажет.

  • Балабақшадан, отбасынан бастап баланы ұлттық мəдениет құшағында тəрбиелеуге зер салу керек. Қазақша мақал-мəтел, жаңылтпаш жаттату, санамақ, жұмбақ, ертегі айтқызу, қазақша əн салу, домбыра тарту, би билеу, спорттық ойын түрлеріне үйрету мəселесін əр ата-ана, балабақша, бастауыш мектеп қызметкерлері бірлесе қолға алуы керек;
  • Əр мектеп, əр балабақша ғимараттары ұлттық ою-өрнек нақыштарымен əшекейленуі керек. Əр балабақшада, əр мектепте ұлттық этнографиялық мұражай ашу керек. Тарих, əдебиет, сурет т.б. гуманитарлық пəндер сабақтары осы мұражайда өткізілуі керек.
  • Бүгінгі студент жастардың, мұғалімдердің жаппай шалбар киюі етек алды. Осы болмас үшін оқушылардың формасына конкурс жариялап, өзгеріс енгізсе, костюмдерге ұлттық орнамент өрнектерін салса бала бойында ұлттық мақтаныш сезім оянар еді.
  • Тіпті, мұғалімдерге де ұлттық орнаментте киім үлгісін ұсынса артық болмас еді. Ол балалардың ұстаздарға еліктеуін туғызады. Мəселен, патшалы Ресей кезінде гимназист, сценарист мұғалімдердің арнайы формасы болған.
  • Бастауыш мектептен бастап 8-ші сыныпқа дейін əдеп пəнін енгізу қажет. Мысалы, Жапонияда 1-6 сыныптарда арнайы əдеп пəні өткізіледі. 9-12 сыныпта ұлт мəдениетін факультатив ретінде өткізсе, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін оятуға ықпалы тиері сөзсіз. Қыз сыны, жігіт сұлтаны байқауларын жыл сайын əр мектепте өткізіп отыруды дəстүрге айналдыру керек.
  • Мектептегі тəрбие ісі мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен еңбегіне байланысты. Біздің бүгінгі ата-аналарымыз ұлттық мəдениеттен мақұрым орысша өскендер, ұлттық салт-дəстүрді жетік білмейді. Олар, тіпті, үйінде балаларымен орысша сөйлеседі. Осы болмас үшін ата-аналардың университеттерін ұйымдастырып, оларды этномəдениеттен хабардар ету керек. Сөйтіп, ата-аналардың бойында ұлттық намысты ояту қажет.
  • Тəрбиенің негізі тілге келіп тіреледі. Қазақ тілінің 20 жыл бойы бір орыннан жылжымауы тіл жөніндегі саясаттың дұрыс еместігінен. Біз, ең алдымен, қазақтардың қазақша сөйлесуін, мемлекеттік тілге құрметпен қарауына зер салуымыз керек. Президентіміз қазақ қазақпен қазақша сөйлессін десе де, біршама студент жастардың көшеде, қоғамдық орындарда бір-бірімен орысша сөйлесуі дағдыға айналып кеткен. Қазақтарға қазақша сөйлеспесе қоғамдық пікір туғызу, тіпті салық салуға дейін шара қолдану артық болмас еді.

Сондай-ақ, қазақша жақсы сөйлей білетін, ұлттық дəстүрді қадір тұтқан басқа ұлт өкілдерін көтермелеп, қосымша еңбекақы төлеуді енгізсе де артық болмас еді.

  • ХХІ ғасырдың жастар арасын кең жайлаған індеттің бірі – нашақорлық, темекі мен алкогольге үйірлік. Осыдан келіп қоғамда бүгінде дағдылы құбылысқа айналған өктемдік, зорлық-зомбылық, гомосексуалистік сөлекеттік əрекеттер жиі көрініс табады.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының бас директоры Сəуле Əлкейқызы

Диханбаеваның «Айқын» газетіне берген сұхбатында денсаулық мəселесіне байланысты бірнеше фактілер келтірілген. Атап айтар болсақ, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша жыл сайын 2,5 млн. адам мезгілсіз өлімге ұшырайды екен. Оның басты себебі, араққұмарлық болса керек. Қазақстанда осы дертпен 249 мың адам диспансерлік есепте тұрады (Бұл тек көмек сұрап келгендер ғана дейді). Осылардың əрбір он екісі əйелдер көрінеді. Қазақстан тұрғындарының 34 пайызы ішімдікке үйір. Солардың басым үлесін 30-49 жас аралығындағылар иеленеді. Олар 46,8 пайызды құрайды. 15-18 жас аралығындағылардың үлесі — 21,3 пайыз, 11-12 жас аралығындағы оқушылар – 9,4 пайыз алкогольдік ішімдікке үйір дегенді келтірген.

Сəуле Диханбаева дəл қазір салауатты өмір салтын насихаттауға бүкіл қоғам болып күресуге шақыра келіп, бүгінде Республика көлемінде денсаулық сақтаумен байланысты бірталай жобалардың жүзеге асырылып жатқанын сөз еткен. Олар «Дені сау қалалар», «Денсаулықты жақсартуға лайықталған мектеп», «Дені сау жұмыс орындары» т.б.

Темекімен, ішімдікпен, наркоманиямен күресте оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мəдениет орындары құқық қорғау орындарымен, жергілікті əкімшілікпен бірлесе жұмыла жəне үздіксіз күрес жүргізгенде ғана іс оң нəтиже береді дегенді айтады. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенді айта келіп, əңгіменің аяғы жастар арасындағы тəрбиені күшейтуге саяды. Бұл мəселе бүгінде мектеп мұғалімдері мен атааналардың, университет ұстаздарының басты міндеті болып отыр.

  • Біз теледидарда ұлт мəдениетін үнемі насихаттауға, əр оқу жылдарында жыл сайын ұлттық өнер фестивалін, ұлттық салт-дəстүрлер жөнінде пікірсайыстарын өткізіп отыруға зер салуымыз керек. Ол үшін жоғары басқару орындарының арнайы жарлығы шығарылуы тиіс.
  •  
 
   

  • Тəрбие ісінің бүкіл қоғамда бетімен кетуі, қоғамда жауыздық пен өктемдіктің етек алуы, сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселесінде мемлекет тарапынан үлкен бетбұрыс жасау қажет. Ол үшін заңдарды күшейту жəне ол заңдардың мүлтіксіз орындалуын күнделікті қадағалау қажет.

Адам қорықпаса заңды мойындамайды. Заң күшіне енбесе, оның орындауына қатаң бақылау қоймаса, ол заң аяқ асты болады.

Заман өзгерген сайын заңның өзгеруі, қатая түсуі қажет.

Жаңа заманға сай ұстаздар даярлауда Сіздердің университет ұжымының көптеген жаңа бастамаларға мұрындық болып, 2010 жылды «Тəрбие жылы» деп жариялағандарыңызға, əсіресе, «ұлттық тəрбие» мəселесіне ерекше көңіл бөліп, зер салып, біраз игілікті істер атқарып отырғандарыңызға қуаныш білдіргім келеді. Бастаған істеріңіз сəтті болсын! Сіздер оқытып, тəрбиелеп шығарған ұстаздар мектептің шынайы шамшырағы, жүрегі болсын!

Сөзімді қорыта келіп, аса ұлтжанды, қайраткер азамат ақын М.Шаханов төрт ана жайын сөз еткен өлеңінің үш шумағын сіздердің естеріңізге сала кеткім келеді.

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Əр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек Құдыретті төрт ана!

Туған жері – түп қазығы, айбыны Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дəстүр, салт-санасы тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Жəне туған тарихы – ғасырлардың үні еді.

Төрт анаға əнін жалғай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған.

Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған.

Құрметті əріптестер! М.Шаханов айтқандай, осы құдіретті төрт ананы құрметтеп өтейік, ағайын!

 

Резюме

Автор дает характеристику этносу. Поднимет проблему казахского этнического менталитета.

Summary

The author gives a description of ethnicity. Raise the issue of the Kazakh ethnic mentality.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *