М.Әуезов – ғалым тілі һақында

М.Әуезов – ғалым тілі һақында

Ұлы Әуезовтың қаламын ысылтып, адымын ашқан басылым «Абай» «Ғылыми, әдеби, шаруашылық» журналы. Журнал 1918 жылы «Уақ қарыз Серігінің» қаржысы есебінен шығарылды. Яғни, ел-жұрттан оқу-ағарту, мәдениет, үгіт жұмыстарын ұйымдастыру үшін жиналған жәрдемнің нәтижесінде ашылды деген сөз. Жаңа басылымның негізгі мақсаты – халыққа Абай шығармаларын насихаттау, ел тарихы, әдебиеті-мәдениеті, өнер – білімі туралы мағұлмат беріп, өзге жұрттың үлгілі істерін, жетістіктерін таныстыру. Журналдың барлығы 11 саны жарық көрген.

         Абайдың алғашқы саны февраль айында 900 оқырманның қолына тиді. Онда өзге ағымдық мақалалармен қоса Л.Толстойдың «Будда» атты әңгімесі басылған. Тәрәлімәланған – Мұхтар Әуезов. Бұл – кездейсоқ көрініс емес. Журнал бағыты –ғалам ғылымын қалың қауымға неғұрлым кең түсіндіру болғандықтан да, танымдық тағылымы бар дүниелерді іріктеп басқан. Философиялық талғамы мол, будданың шығу тегін баяндайтын Толстойдың дәл осы шығармасын аударуы да сондықтан. Келесі санында жарияланған Мұхтардың «Философия жайынан» атты ғылыми мақаласы алдыңғы тақырыптың заңды жалғасы. Мұнда философияның мән-мағынасы, даму тарихы, философия мен діннің ара қатынасы, таным мен болмыс, одан өзектесе тарайтын «психология», «логика», «гносология», «метафизика», «онтология», «рациональная теология», «рациональная космология», «рациональная психология», «жаратылыс ғылымы» хақында түсініктер беріліп, Аристотельден бастап кейінгі дәуірде философиялық ағымдарға мұрындық болған Фалес, Декарт, Бэкон, Кант теориялары талданған еді. Мұхтардың пікірлерінің қысқаша түйіндері мынадай: «Философия – кең ақыл, терең қиял шығарған адамның жанын тәрбиелейтін ғылым… философияның құралы – толғаулы терең ой. Іздейтіні – бүкіл дүниенің ең әуелгі сыры, негізгі ақиқаты… философияның кірісетін жері – қолға ұстатып, көзге көрсетерлік дәлелдер табылмайтын, таза ақыл шешетін сауалдар. Философия адамның басынан шыққан бар ғылымның тамырын бір анаға тоғыстырып, сол шығарған қорытындысын адамның ақылына азық қылып береді… Адамның өмірін көкірегіндегі ақылдың идеясы билейді, »- дейді.

                «Қайсысын қолданамыз» атты алғашқы мақаларының бірінде оқулықтардың программасын қай үлгіде пайдаланамыз, әйтеуір, бір жағына шыққан жөн деп қорғаншақтай айтса, журналдың №7 саныдағы «Ғылым тілі» деген еңбегінде сол мәселеге қайта оралып, бұл жолы төрелік беріп, пікірін шешуші тұжырым ретінде ұсынады. Бұлдыртпай дәләлдейді. Ең білгір мәселенің шұғыл шешілуін талап етеді. Бұл ретте М.Әуезовті бүгінгі жоғары және арнаулы оқу орындарының, мектеп программаларының негізін қалаған педагог-реформатор деп бағалаған ләзім. Жоғарыдағы тұжырым – сол кездегі оқу саласындағы революциялық төңкеріс еді. Ол өзінің назарын енді мектеп оқулығына, мұғалімдердің сапасына, оқу және оқыту жүйесіне аударды. «Елге, елдікке мұқтаждығы саясаттан артық болмаса, кем соқпайтын біздің дауымыз бір мұқтажымыз бар. Ол – оқу», — деп бастайды да, мектептегі білім сапасының төмендігін, оның себептерін талдап келіп, өз ұсынысын ортаға салады. Халықтың келешегін ойлаған салиқалы азамат ел тұрмысының жанды жерін дәл басып, «қапастан шығудың» жолын нұсқайды. Мысалы, өзінің «Оқу ісі» атты мақаласында: «Оқу ісіне менің ұсынатын жобам: бірінші, жалпы қазақ, қырғыз съезі сайлап шығарған оқу бөліміндегі 5 кісілік оқу комиссиясы тез уақытында іске кірісіп, барлық бастауыш мектептерге һәм курстарға белгілі бір-ақ түрлі программа жасап, оқу құралдарын толықтыру керек… Екіншіден, жазды күнгі сабақтан босаған уақытында барлық қазақ ішіндегі мұсылманша оқыған мұғалімдерге жоғарғы курс ашу керек,» — деген өз жоба, тұжырымын айтады. Журналда Абай сөзі, Абай ұрпақтарының сөзі көп басылды. Соның ішінде ауылға жаңа леп ала келген, ғылым – білім арнасынан сөз қозғайтын. Мұхтар мақалары ерекше болды. Журналдың бірінші санында жарияланған «Ғылым» деген мақаласы Абай елінде ауыздан-ауызға тарады. «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Қазақ ішіндегі партия неден?» т.б. мақалары да ел ішінде етек алған елеулі мәселелерді қозғағандығымен құнды. Жас жазушының қалыптасуына шешуші ықпал етіп, өмір мектебіндей көрінген «Абай» журналы қазан айныда қаржының жоқтығынан шықпай қалды. Шығарушылардың атынан «Сарыарқа» газетінің 1919 ж 20 ақпанындағы санына берілген: «Абайды» 900-дей алушы бар. «Абай» біржола жабылған жоқ. Бастырушы – «Уақ қарыз» қоғамы «Абайды» тоқтатпас, шығарар. Жалғыз журналын жауып қойып, тыныш отыруға жастардың, талапты азаматтардың ұжданы жібермес, қайтсе де шығарар деген үмітіміз күшті,» — деген хабарлама жасағанымен, журнал қолға тимеген болатын. «Абай» журналының жабылуымен М.Әуезовтің алғашқы шығармашылық бір белесі де аяқталып, мәңгілік ұлылыққа беташар болып қалды.                                      

  Мұхтар Әуезовтың алғашқы «Ғылым тілі» деген мақаласы 12        томдықтың 11-ші томында жазылған. 1959 ж шыққан 10-14 беттерде.

  «Біреу онға, біреу солға тартып илей беруге көне беретін ғылым жолы терінің пұпағы емес, әуелде қалай жазылды көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып бекітіп қала береді. Сол себепті қазақ оқу бетінде қандай жол салып іс қылудың артынан жолдан шығып кетпеуіне көңіл аудару керек», деген. Ол дегені ғылым жолы сара жол сол жолда біліктілік таныиып кейінгіге қаланып, төселген нақты, айшықты жол салып беру деген сөз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.«Қазіргі қазақ күйі» деген мақаласы 50 т І-т, 110-112 б.

2.«Қазақ қашан жетіледі» 110-117 б

3.«Оқу ісі»                          133-138 б

4.«Қазақтың қалам қайраткерлеріне ашық хат» 12 т-ң ХІ том

5.«Халқының зор ғалымы» (Қ.Сәтбаевқа) 12 томда

6.«Адамдық негізі әйел» 46-48 50 том-ң І томында

7.«Оқудағы құрбыларыма» І том

8.«Ғылым» 53-56 бет І том

9.«Қайсысын қолдаймыз» 51-52 бет

10.«Мәдениетке қай кәсіп» І том 72-75 бет

11.«Философия жайынан» 76-84 бет

12.«Япония», «Кәсіп дос» 82-89 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *