Махмуд Бируни туралы

Махмуд Бируни туралы

       Хорезмді Махмуд Ғазнауи басып алған 13 жыл ішінде Бируни өзінің ең маңызды ғылыми еңбектерін жазды. Ол 1017 жылдан басталған болатын. Еңбектерінің ішінде бізге жетпей жоғалып кеткен «Хорезм тарихы» еңбегі де бар.

      Бирунидің толы бір көрнекті шығармаларының бірі «Тахдид нахаят» немесе «Ел қоныстанған жерлердің шекараларын баяндау және олардың ара қашықтығын анықтау». Онда география, геология мәселелері, жердің дамуы жөніндегі қазіргі ғылыми ұғымға сай келерліктей пікірлер айтылған. (теңіздің құрлыққа немесе керісінше ау.)

        Бирунидің ғылыми өміріндегі тағы бір белес оның Индия сапарына байланысты. Ол үнді жұртының ғылымын, өнерін, тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгере отырып, санскрит тілін меңгереді. Ол үнді оқымыстыларының бірсыпыра трактаттарын арабшаға аударады. Шығыс ғұламаларының ішіндегі ғылыми мақсат үшін санскрит тілін үйренген ең алғашқы оқымысты.

         1030 жылы Бируни Индия туралы көрген-білген, оқыған-түйгендерін «Индия» деген атпен белгілі болған еңбегін жазады. Бұл шығарманың толық аты – «Үнділердің көңілге қонатын ілімдерін де, ақылға сыймайтын қате түсініктерін де баяндап беру кітабы».

        Ерте заманда және орта ғасырлар кезінде көптеген саяхатшылар Индияда болып, ол туралы жазба мағұлматтар қалдырған, алайда олардың бірде-бірі Бируни еңбегіне жетпеген.

         Көрнекті шығыс зерттеушісі орыс академигі В.Р.Розен 1888 жылы былай деген: «Индия еңбегі – Батыс пен Шығыстың ежелгі және орта ғасырлардағы ғылыми әдебиетінде теңдесі жоқ бірден-бір ескерткіш. Онда қанында тартпайтын, діни, нәсілдік, ұлттық және касталық мінеп-кемсітушіліктен және ойға сіңген ескілікті пікірлерден аулақ тұратын, сақ және кереген, жаңа ғылымның нағыз құдіретті құралы – салыстыру әдісімен баяндалған».

«Индия» 80 тараудан тұрады, оның 40 тарауы үнділердің астрономия, математикалық  ғылымдарындағы білім-дағдыларына арналған да, қалған тараулары Индия табиғаты мен мәдениетін баяндайды. Бұдан кейін ол «Масғұд канонын» жазған. Бұл еңбекте жер формасы мен мөлшері, Күн теориясы, Күнің, Айдың, жердің тоғысуы, тұтылулары, жаңа айдың көрінісі, қозғалмайтын жұлдыздар және айдың тұрақтары жайлы айтылған. Бұл еңбекте ашылған соны жаңалықтар, айтылған тамаша кірілер көп, әсіресе мұнда сфералық астрономия мен математиканың қажетті салаларының бірі тригонометрия есептері мол қарастырылған. Ағылшын тіліне аудармашылар бұл шығарманың атын «Астрология жөнінде жазылған жетекші» деп аударған. Шынында Бирунидің кітабының астрологияға қатысы шамалы. Ол негізінен астрономияға байланысты барлық ғылымдар бойынша жазылған оқулық тәріздес. Кітап төрт тараудан тұрады: астрономия (140 баб), астрономбия (22 баб), геометрия (74 баб), арифметика (47 баб).

       Осыдан кейін бұрын бастап, аяқталмаған «Минерология», «Сайдананы» аяқтаған. «Минерология» немесе «Асыл тастарды тану жайлы мағұлматтар жинағы, 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім асыл тастар туралы (36 т), екінші бөлім металдар жайлы (12 т ) тараудан тұрады».

       Бируни тізімінің бір ерекшелігі ол еңбектерді сала-салаға бөліп топтап келтіреді және әрқайсысын жазу себептері, көлемі т.б. жөнінен қысқаша түсінік (аннотация) беріп отыруға тырысады. Тізімнің бірінші тарауына енген кітап аттары осы айтқанымызды дәлелдейді.

1.Мен Әл-Хорезмидің таблицаларын негіздеуге арналған шығарма жаздым, оның аты «Пайдалы сауалдар және дұрыс жауаптар», 250 парақ.

2.Дәрігер Әбу Талха бұл мәселе туралы қарсы бірдемелер жазыпты. Мен «Көрнекті дәлел келтіру жолымен әл-Хорезмидің есептеулеріне тағылған жалған кінәләуды теріске шығару» деген кітап жаздым, көлемі 300 парақ.

3.Менің қолыма бұл мәселе жөніндегі Әбу-л-Хасан әл-Ахвазидің кітабы түсті, ол әл-Хорезмиді әділетсіз түрде кінәләпты. Мен оларды ортақтастыратындай кітап жазуыма тура келді; көлемі 600 парақ.

4.«Хабаш таблицаларына қосымша» атты кітап жаздым, мұнда ол таблицалардың кемшілігі түзетіліп, қатесі жөнделген. Үштен бірі, бітті, көлемі 250парақ.

5.Аркант таблицасын түзеттім және оны дұрыс тілмен баяндадым. Бұрынғы аударма түсініксіз болатын, өйткені көптеген үнді термині аударусыз алыныпты.

6.«Ибн Қайсумның тәжірибелері мен талдаулары туралы» атты кітап жаздым. Мұнда оның әлін білмес іске ұмтылғанын, өйткені астрономиялық білімдерден хабары жоқ надан екенін көрсеттім. Кітаптың көлемі 100 парақ болды.

Бируни тізімнің соңында болашақ ұрпаққа өсиет ретінде мынадай сөз айтады: «Саған менен қалған кітаптардың бәрін білу қажет. Бұрын жазылғанын да, кейін шығарылғанында. Оларды елемей, тастап кетіп жүрме. Ол кітаптар кітаптар – менің балаларым ғой, ал адамдар балалары мен шығарған өлеңдерін жақсы көреді».

Бирунидің ғылыми-зерттеуге қоятын 8 принциптері:

  1. Зерттеуші ескі әдістерден бақталастардан олжа түсіру мақсаттарынан арылу керек.
  2. Табиғат құбылыстарын түсіндіргенде табиғаттағы заңдылықтарға, анық деректерге, тәжірибелерге ғана жүгінуі керек.
  3. Мәселені зерттеуді сол мәселені құрастыратын білімдерден бастау керек.
  4. Зерттеу жұмыстарында дедукцияға сүйену керек. Оған сезім арқылы алынған деректерді арқау ету керек.
  5. Ғылыми қорытындылар жасау үшін асықпай әбден ойлану керек.
  6. Құбылыстарды бақылай білу керек. Ол жөніндегі әртүрлі пікірлерді салыстыру керек.
  7. Әртүрлі құбылыстарды зерттегенде белгіліден белгісізге қарай, нақтыдан жалпыға қарай аттанып отыру керек.
  8. Ертеде болған құбылыстарды зерттеуде олардың тарихын біліп алу керек.

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.«Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ том 6-13 бет «Фараби және ғылым»

2.Машанов «Шарафат» А-73 99-100 беттерде, 102,103,105 бет

3.А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»

4.А.Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» А, 1973 ж. «Шығыс Аристотелі» 39-71 бет.

5.Ж.Тобаяқов «Қазақ үні» газ. 1996 қазан № 11

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *