Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлаһ Әл-Фараби еңбектері
Ибн Саид Әл-Кифти (1167-1248) «Фарабдан шыққан фәлсафашы» мақаласында: «Ол кезде бұл кездегідей ғылымға таңдау жоқ еді. Ал әл-Фараби логиканы зерттеді. Ол Платонның фәлсафасын зерттеді. Оның еңбектерінде лайықты атаулар беріледі. Аристотель еңбектерінде де солай етті. Ол Аристотельдің еңбегіне атышулы алғы сөз жазды. Аристотельдің философиясын бақайшығына дейін зерттеді. Содан кейін бірінен соң бірін кітапқа жазды. Мен фәлсафашыларды жеріне жеткізе талдап, әр уақытта ұғынықты етіп түсіндірген Әл-Фараби болмаса Аристотельдің «Категориясының» мән-мағынасын, ойын түсіну қиын болар еді. Тек Әл-Фараби арқылы ғана Аристотель еңбектерінің мән-мағынасын саралады. Кейіннен ол құдіретті және өркениеттік ілім хақында еңбек жазды. Екеуі де баға жетпес кітаптар».
- «Қайырымды баға жетпес адам туралы» кітабы
- «Қайырымдылықтың белгілі құпиясы»
«Сөз – ғылымдардың классификациясы туралы»
Ахмад ибн Хамел Хан (1211-1282)
«Аса ірі фәлсафашы» деген еңбегінде: «Мен бұл кітапты 100 рет оқып шықтым, » — депті. Аристотельдің «Жан туралы» кітабын. Сол сияқты Аристотельдің «Физика» кітабына: «Мен бұл кітапты 40 рет оқыдым, сонда да қайта оралуға мәжбүрмін», деп айтыпты Әл-Фараби.
«Әл-Фарабидың өз үйі болмаған. Ол ешқашан өз қамын ойламаған. Оған қазынадан күн сайын 4 дильхам беріп тұруды бұйырған. Өйткені әл-Фараби осы бағаны қанағатеткен. өле-өлгенше осылай күн кешкен. Хиджраның 139 жылының Раджаб айында дүниеден қайтқан. Осы кезде Әл-Фараби 80 жаста болатын — дейді Ахмад ибн Хами Хан.
Ибн Әби усайбиға (1203-1270) «Шамнан шыққан дәрігер» деген естелігінде: «Әбу Насырды Мәшһүр еткен алғашқы еңбегінің бірі – ғылымды жіктеу және мақсатты айқындау болып саналады. Өйткені, оған дейін сол тақырыпқа кітап жазған ешкім болмаған. Ғылыммен әуестенгендер осы кітапқа соқпай кете алмаушы еді. Олардың ой-өрісін дамытуда атқарған еңбектері ұлан ғайыр. Оның зерттеуге негіз болатын «Аристотель» сынды фәлсафашының «Арифметика» кітабы.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, (942 ж Бағдадта бастап, Дамаскіде аяқталған, 948 ж Египетте үлкен 6 топқа бөлген). Бұл еңбегімен ол өзінің философия ілімін қаншалықты жетік меңгергенін дәлелдеді. Аристотельдің мақсатын айқындай отырып, оның еңбектері хақында түсіндірмесі бар. Бірнеше кітап жазды. Аристотельдің бізге 1 рет жеткен «Метафизика» деп аталатын кітаптың түсініксіз жерлерін ашты. Өзінің осындай түсіндірмеден тұратын еңбегін «Жаратылыс тану ғылымы» кітабында түсіндірме жазумен аяқтады.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын-философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минерология мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен социологияның, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Ол жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре түсті. Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды, сөйтіп өзінің философиялық төл концепциясын жасады. Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы дамытты. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, бойына сіңірді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды.
Фараби жан-тәнімен ақыл-ойдың қорғаушысы, ақыл-ой қадір-қасиетін мадақшаушы, оны қорғаушы болды. Теориялық-таным проблемаларын қарастырғанда, логиканы негізінде және оны мазмұндағанда ғана емес, адамның іс-әрекетіне, ақыл-ойына негізделген, өздігінен дамыған философияның, этиканың, эстетиканың, жалпы ғылым атаулының дінге байланыссыз-ақ дербес өмір сүре алатындығын дәлелдегенде оның рационалды ойшылдығы айқын көрінді.
«Логикаға кіріспе трактаты» атты шығармасында логикалық форма тұрғысынан ғылыми білімді сипаттай келіп, оны силлогикалық және силлогиялық емес деп екіге бөледі. Бірінші топқа, диалектиканы, поэтиканы, ритоиканы, ал екінші топқа медицинаны, егіншілікті, ағаш шеберлігін т.б. қысқасы, практикалық міндеттерді шешетіндерді жатқызады. Фараби ғылымдарды нақты ғылым және ой-қиялдағы ғылым немесе абстракты ғылым деп бөледі. «Бақытқа жету туралы» атты еңбегінде Фараби ғылымды теориялық және практикалық ғылым деп екіге бөледі. «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты трактатында ғылымды классификациялаудың қалыптасқан дәстүрін сақтай отырып, ол философияны теориялық философия және практикалық философия деп бөлді.
Жоғарыда аталған шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады. өйткені, бұл мәселе жөнінде оның «Ғылымды классификациялау және анықтау туралы кітап», «Китаб фи ихсо әл улум ва ат-таприб», яғни қысқаша «Ихсо әл-улум» деп аталынатын арнаулы еңбек берді. Еңбек 5 үлкен бөлімнен тұрады. Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің классификациясын беріп қана қоймайды, сонымен бірге барлық ғылым саласын сипаттап соларды жан-жақты талдап береді.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы дамыды. Ол әрі ғылым, әрі «емдеу» өнері түрінде дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі білім бір-бірімен тығыз байланысты болатын. Көптеген философтар дәрігерлікті, дәрігер философияны қатар зерттейтін. Фараби творчествалық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар. Олар ғалымның бұл саланың теориялық негіздерін, оның тарихын өте жітік білетінін байқатады. Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана совет ғалымдарының зерттеу объектісіне айналды. Оның медицина проблемаларына арналған «Адам денесінің органдары», «Адам денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық» атты трактатарының орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады. өзбек ССР-інің Шығыс тану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың ішінде Фарабидің «Жануарлардың органдары олардың функциясы мен потенциясы» атты еңбегі бар екені айтылады.
Ол медицина практикалық өнер деп қарап, оның міндеті, мақсатын, функциясын ерекше даралап айтады: Медицинаның әрекеті белгілі бір аурумен ауырған адамға емдік ету арқылы денсаулығын қалпына келтіруге бағыт алған.
Медицина пәнін, міндеті мен мақсатын түсінуде Фараби материалистік позицияда тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда ол орта ғасырлардағы ұлы ғалым, медик, көп томдық «Медицина каноныдары» атты еңбектің авторы Әбу әли ибн Синаның тікелей алдында тұрған жолын ұстап, оның негізгі идеяларын қабылдаған.
Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері, яғни мемлекет – қала туралы ғылым – «илм мадания» демек қаланы басқару туралы ғылым, юрипруденция және догматикалық құдайшылық. Мұнда мемлекетті басқару проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады. Басқа Әл-Фарабилардың негізгі толық аттары:
- Әби Ибрагим Исхах Әл-Фараби
- Әбу Насыр Исмаил Ибн Хаммад Әл-Фараби әл-Жауһари
- Бурхан Әл-Дин Ахмад Әл-Фараби
- Әбу-л-Қасым Әл-Фараби
- Махмуд Әл-Фараби
- Хауан әд Әл-Фараби
- Маула Мухаммад әл-Фараби
- Исмаил әл-Хуани әл-Фараби
- Әл-Фараби
Философияны білуден бұрын Әбу Насыр Әл-Фараби былай дейді. 9 нәрсені зерттеп біліп алу қажет және мұның өзі Аристотель еңбектерінде кездесетінін айтқан.
- Философиялық ағымдар мен мектептерді білу
- Аристотельдің әрбір кітабының мақсатын білу
- Философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу
- Философияны зерттеудегі ғылым маңызы
- Философияны ұғынғысы келген адамның дұрыс жол таңдап ала білуі
- Әрбір Аристотель кітабының тіл ерекшелігін білу
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.«Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ том 6-13 бет «Фараби және ғылым»
2.Машанов «Шарафат» А-73 99-100 беттерде, 102,103,105 бет
3.А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»
4.А.Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» А, 1973 ж. «Шығыс Аристотелі» 39-71 бет.
5.Ж.Тобаяқов «Қазақ үні» газ. 1996 қазан № 11
6.Әл-Фараби Философиялық трактаттар, А, 1973 ж 24-25,113,208,213,219,14-21,241,245,260,289,290,295-297 б.