Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі төрүк руна алфавитімен жазылған Орхон, Енесей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерде көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683-734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк, Күлі Чор т.б. жәдігерлердің сюжеттер мен оқиғалар желісіне, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нысанын, ақпарат таратудың көшпенділерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады. Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа басу арқылы сол дәуір шежіресін айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдыруды көздеген. Міне, бұл тастан түйін түйген ата-баба қолының табы қалған әрбір кесек-кесек кітаптың эволюциялық өсу қозғалыс-қимылын жан-жақты ғылыми зерделеп, сараласақ, өркениетке қосқан сүбелі жаңалығы бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының іргесі берік қаланғанын көреміз.
Ұлттық баспасөз тарихы сөз болғанда ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі
рухани мұрамызға соқпай өту мүлде мүмкін емес.Бұл адамзат қоғамы әлі қағазды бағзы төрүктердің бұқаралық ақпарат таратудың әдіс – тәсілдерін және идеясын меңгерген ежелгі өркениетінен мағлұмат береді.Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік – идеялық мәні мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру. Сондай – ақ кеңестік дәуірде «Пантүркист», «Панисламист», «Халық жауы» деп, есімін атауға тиым салған Ысмағұлбек Ғәспірәлінің «Тәржіман» газетінің қазақ халқы үшін де заманында қоғамдық — әлеуметтік, мәдени – рухани маңызы орасан зор болған.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай», «Еркін қазақ», «Қазақ мұңы» сияқты газет – журналдар мен онда қызмет істеген әр жылдары жарияланымдары жарық көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Жолдыбайұлы, Н.Төреқұлұлы, К.Кемеңгерұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұра – мирасын таныстыру.
Келесі бір ойланар мәселе – қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге тели зерттеуге байланысты болмақ.Біздіңше мұның да оңды-солды жағы бар. Өйткені Қазақстанды патшалы Ресей отар етті деңіз мейлі, еркімізбен қосылдық деңіз, әйтеуір қалай да екі ел, екі ұлт арасында қарым-қатынас, байланыс болмай қалған жоқ.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. — А., 1996.
- Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.
- Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
- Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
- «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
Сақов Қ. – А., 1998.