Баспасөз хатшысының жұмысын ұйымдастыру

Баспасөз хатшысының  жұмысын ұйымдастыру

Баспасөз маслихатын ұйымдастырушы журналистер — әңгіме кезінде тосын, өткір не әсіре сұрақтар қояды. Ол интервью берушінің көңіл күйіне әсер етіп, нәтижесінде компанияның бедел-абыройына нұқсан келтіреді. Осыған орай басшылардың интервью алдында Паблик Рилейшнз мамандарымен ақылдасып, кеңесуінің стратегиялық мәні аса зор. Интервьюге дайындық барысында, интервью берушінің мынадай кеңестерді есте ұстағаны абзал.

  1. Үй тапсырмасын ертерек бастаңыз. Паблик Рилейшнз мамандары интервью берушіден интервьюге дейін сұраққа аса ұқыпты түрде жазбаша не ауызша жауап алуы қажет. Ең бастысы, интервью берушінің сол сұрақ төңірегінде өз пікірін кімге және қалай жеткізетіндігін білуі маңызды.
  2. Интервью кезінде өзіңізді еркін ұстаңыз және жеңіл сезініңіз. Жасандылықтан аулақ болыңыз. Интервьюдің сәтті шығуына екі жақты түсінік пен жылы қарым-қатынастың тигізер пайдасы мол.
  3. Интервью беруші қашанда, аса ірі компанияның атынан сөйлеген жағдайда дөрекілік, әдепсіздік танытпай, қарапайымдылық қағиданы ұстанғаны жөн. «Компанияға» сілтеме жасау және «біз сенімдеміз» деген тіркестер көрерменге сенімсіздік туғызып, олардың ашу ызасын келтіреді.
  4. Интервью алушы тарапынан қойылған аңғырт сұрақтарды әрқашанда қостаңыз. Оған жауап беруіңіз қажет. Ол ұйым мен оның қызметі жайлы хабардар емес адамға қажет болуы да мүмкін.
  5. Сұраққа қысқа әрі нақтылы жауап беріңіз. Байланыссыз сөздер мен сөйлемдерден, қажетсіз ойлардан, артық тіркестерден аулақ болыңыз.
  6. Түсініксіз жауап пен жалтармалылықтың қажеті жоқ. Егер корреспондент қойған сұрақтарға жауап бере алмасаңыз, мүшелерінің біреуі сол сұрақ жайлы әлде қайда хабардар болса, Паблик Рилейшнз маманы одан сұраққа нақтылы жауап алуы тиіс.
  7. Сөйлегенде фактіні қолданыңыз. Факті және мысал сіздің сөзіңіздің мазмұнын толықтырады.
  8. Сөйлеуші басылымға қажет деп таппаған жайлар туралы үнделмегені дұрыс. Журналистер көпшілігінде «басылымға қажеті жоқ» деген жайларды есте ұстай бермейді.

Жауап берушінің даралығы – интервью және пресс-конференциядағы жауаптарының мазмұны мен өзін кадрде ұстау мәнерінен аңғарылады.

  Ол кезде адам мінезі жан-жақты жарқырай ашылып, қатысушы сөзімен ғана емес, өзінің іс-әрекетімен ашылып, қатысушы сөзімен ғана емес өзінің іс-әрекетімен де бар қырынан көз алдында демалуға және сергуге келген түрі «Клубтар» не «Қонақ бұрыштары» хабарды жасаушы топ шыншыл қатынастарды экранда ерекше пафоспен көрсете отырып, аса құпия сезімдерді де көрермендерге бүпесіз жеткізеді.

Қоғам ақпараттың шыншылдығын басты орынға қойып отырған кезеңде журналисте соны ашуға ұмтылуда. Осы ұмтылыс компания қызығушылығымен қарама-қарсы әрекетке журналисті де араластыра отырып, оның өзіндік бір қырынан көрінуіне жағдай туғызуда. Паблик рилейшнз – коммуникацияның мекеме мен жұртшылық арасында тәуелсіз менеджмент қызметін атқаруы. Паблик Рилейшнздің қызметі көпшілігінде ғылыми және көркедіктен де гөрі публицистикалық жанрдың коммуникациялық хабарлама түріне бағытталған. Ал осы саланың мамандары болса мекеменің басшы қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарына интервью беру жұмысын үйлестірумен шұғылданады. Жауапты қызметтегілердің көпшілігі баспасөз, радио мен теледидарға интервью берудің қыр-сырымен таныс емес. Сондықтан да олар көпшілігінде өздерін интервью беру кезінде қолайсыз жағдайда сезінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
  2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
  3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.
  4. Паблик рилейшнз или  как  успешно управлять  общественным  мнением. М.,1998.
  5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия  доверия. М., 2001.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *