PR және қоғамдық пікір, ықпал ету әдістері

PR және қоғамдық  пікір, ықпал  ету  әдістері

Паблик Рилейшнз (public relations – «қоғаммен байланыс») — өзіне берілген анықтамалар санына қарағанда кең мағыналы ұғым. 1975 жылы (Foundation for Public Relations Research and Education) атты американдық ұйым осы сөздің 500 анықтамасын тапқан. Зерттеушілер PR анықтамасының көп сандығымен шектелмей, осы мәліметтерден өздерінің анықтамаларын шығарды:

«Паблик Рилейшнз» — байланыстың нығаюына және қалыптасуына, ұйымның қоғаммен байланыстық түсінушілігіне, түрлі мәселелерді шешуде, ұйым жетекшілігінің қоғам көзқарасынан хабардар болуына, ұйымның басты мақсаты – қоғамға қызмет етуде, түрлі өзгерістерге дайын болуға негізделген басқарудың басты функциясы.

Ағылшындық С.Блэк PR-ға мынадай анықтама береді: «Шынайы және толық ақпарат арқылы қоғаммен байланысты жетілдірудегі ғылым және шеберлік өнер болып табылады».

Көптеген пікірлерге қарамастан, PR-дың негізгі болмысы: ғылымнан технология байланысымен өнерге дейінгі сатылардан тұрады.

PR-ға өзге пікірді ХХ ғасырдың басында Э.Бернэйз білдірді: «паблик рилейшнз – қоғамның бейімін және іс-әрекетін, сондай-ақ ұйымның қоғам көзқарасымен байланыстық әрекетін өзгертуге негізделген, бағытталған күш». PR-ды анықтаудағы «әрекеттік» пікірді Британдық қоғаммен байланыс Институты да (IPR) жалғастырады: «паблик рилейшнз – ұйымның қоғаммен жағымды байланыс орнатуға бағытталған ұзақ жоспарлы іс-әрекет».

Ресейдің көптеген авторлары (Г.Г.Почепцов, Е.Н.Пашенцев, А.Н.Чумиков, А.А.Мирошеченко, В.Г.Королька т.б.)

PR практикалық іс-әрекетке негізделген байланыс түрі деген көзқарасты қолдайды. Осы зерттеушілердің ішінен В.Г.Корольконың пікірі PR анықтамасына сай келеді:

«паблик рилейшнз – ақпаратпен (соның ішінде әлеуметтік) басқарудағы арнайы жүйе, қоғамдық пікір қалыптастырудағы коммуникациялық байланыс.

Жоғарыда аталған пікірлердің ішінен PR теоретиктері В.Хазятон және С.Ботан зерттеулері негізді деп айтуға болады: «паблик рилейшнз – бұл әлеуметтік ғылымдарға жататын тез қарқынмен дамып келе жатқан ғылыми бағыт».1978 жылы Мехикода өткен Бүкіләлемдік PR ассамблеясының ассоциациясында PR-дың ғылыми сипаттамалары айтылды. Осы ассамблеяға 30 ұлттық PR ассоциациясы қатысты. Осында паблик рилейшнз практикасы – қоғамға және ұйымға бірдей қызмет ететін, өмірге енгізілетін жаңалықтарды алдын ала ұтымды жоспарлауға, саралауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылым және өнер түрі деген пікір толық қолдау тапты.

Идеалистік жалпылықтан арылған, ешбір болжамсыз пікірді айрықша атап өту қажет. Бұны Джон Рокфеллер де айтқан, адаммен байланыс орната білу – бұл біз қант пен кофені қалай сатып аламыз, сондай мүмкіндігі бар тауар деген. Және бұл үшін екі есе артық төлер едім.

Түрлі анықтамалар мен көзқарастарға қарамастан, зерттеушілер бір тұжырымда келісушілік білдіреді: қоғаммен байланыстың бір әрекеті – ұйыммен оның толық аудиториясымен коммуникациялық басқару түрі.

Толық аудитория сондай-ақ жалпы қоғамдық деген ұғымда қолданады.

Жалпы қоғамдық – бұл әлеуметтік байланыс ұйымдарының ішкі (қызметкерлері, жұмысшылары, акционерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және т.с.с.) және сыртқы (сайлаушылар, салық төлеушілер, жергілікті тұрғындар, әлеуметтік тапсырыс берушілер, тұтынушылар т.с.с.) қарым-қатынаста болуы.

Жалпы қоғамдық өзінде қамтиды:

  • әсер ету ортасындағы тұрғылықты жерлер
  • өзін-өзі басқару құрылымы
  • БАҚ
  • Қоғамдық бірлестіктер
  • әкімшілік мүшелері
  • жоғары тұрған басқару органдары
  • келеңсіз жағдайлардағы басты аудитория
  • өндірістік және өзге органдар

PR қасиетіне:

  • өндіріс жетекшілері, бизнесмендер, менеджерлер өз фирмаларының философиясын қалыптастыру қажет (не үшін құрылған, қоғамға пайдалы қызметтері, тек пайда табу үшін ғана құрылмаған т.с.с.) ;
  • қоғаммен байланыс жұмыстары ұлттық менталитетке сай, әлеуметтік зерттеулер және идеологиялық сызбалар жалпылық түсінікке негізделген болу керек. Ол тек коммерциялық нәтижеге ұмтылмауы шарт, бұл оның жарнамадан айырмашылығы. PR – бұл фирманың қазіргі және келер уақыттағы сәтілігі.
  • Фирма қызметкерлері коммерциялық жақсы нәтижеге тек қоғаммен байланысты жақсы орнатқан, достық қарым-қатынаста болғанда ғана жетуге болады;

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
  2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
  3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
  4. Паблик рилейшнз или  как  успешно управлять  общественным  мнением. М.,2008.
  5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия  доверия. М., 2001.  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *