Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері . Жалпы фонетика. Жалпы морфология. Жалпы синтаксис
Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:
а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.
Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
- Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
- Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
- Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.