Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері

Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері

     Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл  лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі  1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

       Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді.   Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.

1.Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны.

2.Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы.

3.Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. «Арыс қоры».- Алматы: Арыс, 2007.
  2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.
  3. Исаев. С.Қазақ тіл білімінің мәселелері [Текст] = Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
  4. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008.
  5. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *