ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН ГЛОССАРИЙ
Аморф — формасыз деген мағынаны білдіреді.
Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Әдеби тіл – жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект — жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы.
Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Грамматикалық мағына дегеніміз тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тіддік мағына.
Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
Интеграция — өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы.
Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
Неолингвизм (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).
Сөйлеу дегеніміз — әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
Семиотика — әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі
Тілдік жағдаят — әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.
Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.