Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.

Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады.                        

Семинар — оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін  оқыту формасы.

Экскурсия — оушылардың сабақта алған  теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Факультатив — оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.

Конференция — кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Пәндік үйірме — мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.

Сынақ — бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың  жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.

Үй жұмысы — сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.

Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

 

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

  Бақылау —  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау —  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

  Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

  — Бақылаудың білім беру — қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

  — Тәрбиелік қызметі — оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

  Дамыту — қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.

  Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие).

Күнделікті бақылау — оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді,  іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.  Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.

Әдебиеттер:                        

  1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995
  2. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965
  3. Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999
  4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982
  5. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001
  6. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993
  7. Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986
  8. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959
  9. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *