Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі

Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты — дүрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі — мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі

Жазбаша сөйлеу — графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.

Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дүрыс эрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде гана дүрыс нэтиже бере алады.

Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.

Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.

  Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:

  1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
  2. Сурет бойынша мазмұндама;
  3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама

Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
  2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
  3. Қысқарта баяндау;
  4. Толықтырып мазмұндау.

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.

Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.

Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Тақырыпты толық аша білу;
  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
  3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
  4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
  5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
  6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
  7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф., Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. (6-7сынып) А., 2004
  2. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А., санат, 1994

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *