Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі

Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі

Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:

  1. Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті
  2. Адамның іші қандай болса, іші де сондай.

Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.

Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:

  • Синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;
  • Тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;
  • Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
  • Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Мәтінді оқыту

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

  1. Дыбыстармен жұмыс.
  2. Сөздіктермен жұмыс.
  3. Сөздік қорларын жетілдіру.
  4. Тіл дамыту.
  5. Ережемен жұмыс
  6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі улкен.

  1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.
  2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.
  3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.
  4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды уйрету керек.
  5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.

Әдебиеттер:

2 Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.

3 С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.

4 Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.

5 Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.

6Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.

7 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.

8 Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. 60-91бет.

9 Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы: Мектеп, 1983.82-95бет.

10 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.

11 Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. -Алматы: 1969. 197-206бет.

12 И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *