Тілдің даму заңдылықтары
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі — тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. «Даму» термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат — әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002