Тілдің грамматикалық жүйесі
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс.
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі жайлы, сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі жайлы түсіндіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.