Табу мен эвфемизмдер

Табу мен эвфемизмдер 

      Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Табуда екі ұғым — киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады.
      Табу қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар.

      Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдықэтикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафораметонимиясинекдохасимвол,иронияпарафразаэпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақалмәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады.

     Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *